19. Соқыртеке (I түрі)
Ойнаушылар санына шек қойылмайды.
Бұзау,
Бота,
Құлыншақ,
Тоқты,
Серке,
Тай,
Торпақ,
Taнa,
Тайлақ,
Құнан, дөнен, бесті бар,
Малдың жасын айыра біл, естіп ал.
Бұқа,
Бура,
Айғыр,
Қошқар,
Теке бар.
Сүзеген, тентек теке, жеке қал
Көзге байла, теке-теке «бақ-бақ»
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.
Ойынның тәртібі ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғарыда көрсетілгендей мал атымен атап шығады. Ен соңғы аталган бала «тентек теке» болады. Ойын кең жерде далада да ойналады. Егер далада ойналса шеңбер сызылып ойынға қатысушылар осы шеңберден шықпауы керек Ойынды жүргізуші «тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда «Соқыр теке» былай дейді
Әй, қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсем сөзім жоқ
Маған жақын келіңдер,
Бір бала ұстап беріңдер!
Мұнан кейін «Соқыртекені» айнала қоршағандар,
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оң көзіңе топырақ
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын,
Ал ұстап көр батырым,
Міне келе жатырмын, –
деп өлеңді барлығы бірге қосылып айтады. Өлең айтылып болысымен «Соқыртеке» шеңбер ішіндегілерді ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады.
«Соқыртеке» ұстаған бала оның орнына тұрады. Ойын қайта басталады
Соқыр теке (2 түрі)
Ойыншылар саны: 10-30 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Керекті құрал-жабдықтар: орамал.
Ойынға дайындық: ойыншылар шеңбер жасап, ортасында көзі байлаулы жүргізуші тұрады.
Ойын мазмұны: Көзі байланған жүргізуші шеңбер ортасында тұрып:
Әй! Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Біреуін ұстап беріңдер, –
деп тақпақ айтады. Ойыншылар жүргізушіні ызаландыра отырып:
Соқыр, соқыр-соқырақ,
Өз көріңе топырақ,
Ал ұстап көр батырым,
Міне келе жатырмын! –
деп тақпақ айтады да, ойыншының бірі жүргізушіні иығынан итереді, ол сол кезде оны ұстап алып, бетінен, басынан, т.б. дене мүшелерін ұстап кім екенін табуы керек. Егер ұсталған ойыншының кім екенін танып, атын айтса, ұсталған ойыншы жүргізуші болып жаңа жүргізушіні ұстауға тырысады. Ойын осы тәртіппен жалғасады.
Ойын ережесі: жүргізуші көзін ашпауы керек; ұсталған ойыншының атын атауы тиіс; жүргізушіні ойыншылар қатты итеруге болмайды.
Ойынның педагогикалық маңызы. Ойын оқушылардың ептілік дене сапасын дамытып, бағдарлауға, тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |