Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет30/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

15. Жілік сындыру
Қазақ халқының ойын-тойларында кеңінен тараған ойын сынақ түрі. Жілік сындыруға қолының күшіне сенген жігіттер шығады. Жілікті қолмен сындырудың екі түрі бар, бірі қолмен ұрып сындыру, екіншісі жілікті бұрап сындыру. Қолмен ұрып сындыруға қойдың ортан жілігі алынады. Піскен ортан жілік етінен толық ажырағаннан соң, майын сүртіп тазалап, қатты жерге немесе тақтай үстіне қояды. Сүйектің бір басын көтеріп қою үшін кейбірде балта басы немесе басқадай қатты затты қолданады. Жілікті ұрып сындырушы өз қалауы бойынша жатқызып дайындайды. Қолды жарақаттанудан сақтау мақсатында орамалмен орап алуға болады. Өзара келісім бойынша жілікті бір рет немесе үш ретке дейін қолмен ұруға келіседі. Жілікті сындырған адам келісілген сыйлықты алады.
16. Ақ сүйек (1 нұсқа)
«Ақ сүйек» қазақ жастарының арасында ең кең тараған ежелгі ойын болып табылады. Айлы түнде ойнағанда ойлы-қырлы шөпті жерде, ал қараңғы түнде жазық алаңда ойнайды. Ойын үшін кептірілген қойдың жілігін немесе жауырын сүйегін, болмаса ұзындығы 20-30 см жуандығы 5 см таяқты ақ бояумен бояп немесе ақ матамен орап қою да жеткілікті. Ойнаушылар саны көп болса қызықты болады.
Ең алдымен ойнаушылар келісіп жеңіске жеткен топқа беретін жүлдені анықтайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Топ басшылары сүйекті кім бірінші лақтыратының анықтайды. Лақтырған кезде сүйек қай жаққа ұшқанын көрмеу үшін ойнаушылар сүйек лақтырылатын жаққа қарамай тұрулары қажет. Сүйек жерге түскеннен кейін, барлық ойыншылар сүйекті іздей бастайды. Сүйекті тапқаны оны көмбеге, алдын ала белгіленген жерге абайлап байқатпай өтуге немесе өзіне сенсе жүгіріп жеткізуге тырысады. Егер қарсылас жақ ойыншылары біліп қойса, сүйекті одан алып қалуға тырысады. Сондықтан өз жақтастары сүйекті бір-біріне лақтырып ойын белгісіне қарай жеткізуге көмектеседі. Ақ сүйекті көмбеге бірінші жеткізген топ жеңімпаз атанып, жүлдені алады. Сүйекті келесі топ лақтырады және осылай кезекпен ойын жалғаса береді.
Егер ойнаушы сүйекпен қашқан қарсыласты қуып жетіп оған қолын тигізсе, онда қашқан ойнаушы сүйекті беруге міндетті. Ойын барысы топ басшыларының қатаң бақылауымен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет