Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет98/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

178. Қармақ ойыны
Ойынға он шақты бала қатыса алады. Ойын суда ойналады. Ортаға «балықшы» шығады. Қолында бір ұшына доп байлаған ұзын жіп болады. Балалар жіп жететін қашықтықта «балықшыны» айнала тұрады. «Балықшы» допты төбесінен айналдыра үйіріп баланың басына тигізуі тиіс. Балалар «балықшының» қармағына ілікпес үшін суға сүңгіп немесе тез жүзіп кетуі керек. Бірақ жіп жететін қашықтықтан алыстауға болмайды. «Қармақ» басына тиген бала «балықшы» болып ортаға шығады. Ойын жалғаса береді.
179. «Қырықаяқ»
Бұл ойын тегіс алаңды жерде, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25–30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай топ көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алады. Ойын жастарды қимыл бірлестігіне, жауапкершілікке, ұйымшылдықка тәрбиелейді.
180. Қасқыр қақпан
Ойын тәртібі: Балалар екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы – «Қақпан», кіші тобы «Қасқырлар» деп аталады. Қол ұстасып, дөңгеленіп тұрған «Қақпан» тобы төмендегі өлеңді айта бастайды.
Қасқыр түссе қораға,
Ұстамасқа бола ма?
Қол ұстасып тұрайық,
«Қасқыр қақпан» құрайық.

Біздің қақпан болаттай,


Қасқырды тұр жолатпай.
Қасқыр, қасқыр, келіп көр,
Қақпан, қақпан, берік бол!

Балалар:


Қане, қане, тұрайық,
«Қасқыр қақпан» құрайық, –
деген жолдарды бірнеше рет қайталап айтады.
Содан соң өлеңнің соңғы шумағы:

Қане қақпан, берік бол,


Қасқыр, қасқыр, келіп көр! –
деген өлең тармақтарын айтып болысымен, «Қақпан» тобындағылар ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Сол кезде шеңбер ішінде тұрған «Қасқырлар» тобының мүшелері көтерілген қолдардың астынан сыртқа шығып кетуге ұмтылады. «Қасқырлар» сыртқа ұмтылған кезде ойын бастаушының «Ап!» деген белгісімен «Қақпан» тобындағылар көтерілген қолдарын төмен түсіріп, жүресінен отыра қалады. Сөйтіп «Қақпан» жабылады. Іште қалған «Қасқырлар» «Қақпан» тобына қосылады. Ал сыртқа шығып үлгергендер қайтадан шеңбер ішіне кіріп, «Қасқырлардың» соңғы ойыншысы қалғанша ойын жалғаса береді.
Ойын балаларды жылдамдыққа, ептілікке, тез шешім қабылдауға үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет