Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Қазақтың ұлттық халық ойындарының теориялық-педагогикалық тұрғыдан қарастырылуы



бет4/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

Қазақтың ұлттық халық ойындарының теориялық-педагогикалық тұрғыдан қарастырылуы

Дүние жүзін мекендеген барлық халықтардың ұлттық ойындарының қалыптасуының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан адамға әсер етуші ерекше қасиеттері болады. Әр халықтың ойындары туралы деректерді ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттеу мен талдау арқылы ойынның адамдарға беретін бағалы жақтары анықталып, өмірде қолданудың жолдары көрсетіледі.
Ұлттық ойындардың қоғамдағы орнын теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу ұлттық ойындар мен спортты қолданудың теориялық және педагогикалық мазмұнының сапалық жағына әсер етіп, оқытушы ұстаз, тәрбиеші мамандар даярлауда, спорттық оқу-жаттығу жұмыстарының тәжірибелік мазмұнын кеңейтеді, ұлттық ойындар мен спортқа арналған мемлекеттік заңдар мен бағдарламалардың сапалы болуына жол ашады.
Дәстүрлі ұлттық ойындардың ел арасында таралуы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.
Кішкене бала жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп баланың денесін тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылатын «ақ» сөзі – күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін «Қаз» деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан деп жазады ғалым, академик Әлкей Марғұлан [25, Б.141-145].
Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ұрпақ денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойылғандығын көреміз. Адамдар денсаулығына үлкен мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы құрал болып саналды. Сондықтан қазақ халқының тарихи қалыптасуы барысында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлелдер бар. Ойындар, өмірге келген жас баланың жетіліп өсуіне әсер ете алатын, адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты тәрбие құралы болып саналады. Жер бетіндегі барлық халықтар өздерінің ұлттық ойындары арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің желісін үзбей келеді. Сондықтан ұлттық ойындар ұлттық мәдениетіміз бен рухани байлығымыздың қымбат қазынасы болып табылады. Ойындар мазмұнында халықтың ғасырлар бойғы қоғамдық-әлеуметтік дамуының ізі, халықтың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімдері орын алған.
Қазақ халқы ойынды тәрбие құралы деп танып, баланың нәресте кезеңінен бастап үлкен жасқа жеткенге дейінгі кезеңдерінде кеңінен қолданып отырған. Халқымыз ойындарды баланың ой-өрісіне, қимыл-қозғалысының жетілдіруіне пайдалана отырып, ойындар арқылы балаға халқының ұлттық мұраларын бойына сіңіріп өсуіне жол ашады және кейінгі ұрпаққа беретін құнды тәрбие ісі деп таниды. Ойындар мазмұнында баланы қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысын ашып денесін өсіретін, қиялмен қанат бітіретін ғажайып күш бар.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында қазақтың ұлттық ойындарын туралы: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған» деген анықтама береді [83, Б.29-35].
Ойындар мазмұнында елдің мәдени-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік салтының, әдет-ғұрыптардың, мифтік, ертегілік сюжеттердің болуы, ойынның қай уақыттарда пайда болғандығын да мөлшерлеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұндарының әралуан болуы, адамдар ойындар арқылы белгілі бір тұрмыстық, шаруашылық, танымдық т.б. мақсаттарды шешіп үйренуге жаттығу, машықтану жолдарын іске асырғандықты көруге болады. Мысалы ойнау барысында топтасу, бірігу арқылы жеңіске жету, жеке үздікті анықтау, даулы мәселені шешу, алдымен кімге жол беру қажеттігін анықтау, тілді байыту, дене қабілеттерін арттыру, шынықтыру, салт-дәстүрлерді орындау, жастарды бір-бірімен таныстыру сияқты бағыттардың барлығы өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруға арналғандығын көруге болады.
Қазақ халқында үлкен ойындарды бастау алдында үлкендерден рұқсат сұрау, бата алу, ойын шартын келісу сияқты қажетті жағдайлар да іске асырылып отырған. Ойынға бата беруші үлкен адамдар іске сәттілік тілеп «Жүйрік бол», «Шаң ілестірме», Жеңіп кел», «Тапқыр бол», «Жүректі бол», «Айлаңды асыр», «Адал ойна» деген сияқты тілектерін айтып отырған. Барлық ұлттардың дәстүрлі тәрбие салтында ойындарды пайдалану жетекші орын алады. Ойындарды пайдалану арқылы халық этикалық, эстетикалық талғамдарын байытып, ізгі қаситеттерге жол ашып, мәдениетті болуды ұрпақ бойына сіңіріп тәрбиелеуді іске асырып отырған.
Қазақ халқында «Бала ойынмен өседі» деген қанатты сөз бар. Ойын баланың ақыл-ойын дамытуды қызықтыра отырып, денесін белсенді қозғалта отырып, ойдан-ойға жетелеп, тынысын кең ашып, қиялмен қанат бітіретін ғажайып мүмкіндігі бар тәрбие құралы болып табылады.
Қазақ халқының фольклорында, ертегілерінде, бартырлар жырында, әндері мен жырларында, тасқа қашалған белгілерінде ойынға байланысты деректер көптеп кездеседі. Ел арасында ойынды бастау, ойнау барысындығы тәртіпті қадағалау, ойыннан шығу, ойынды аяқтау сияқты жағдайлардың барлығы реттеліп, тәртіптеліп, міндеттеліп ұйымдастырылғандығын көруге болады. Ойынды бастау кезегін алу, немесе ойнаушылар міндеттерін арнайы бөлісу шаралары да өткізіледі. Мысалы бала ойыннан шығуды қаласа:
«Аттым, баттым,
Тұрдым жаттым,
Шаршадым, ух!» деп айтып, арнайы белгі беріп барып ойыннан шығуына мүмкіндік алуы, баланың ойынға қаншалықты жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетеді. Ал ойынды бастауға кезек алу үшін алысқа зат лақтыру, таяққа қол жарыстыру, секіру, санау, тақпақ айту, асық лақтыру т.б. сынақтарды қолдану арқылы реттеп отыруы арқылы, ойынды бастаудың өзіне әділеттікпен келуді қамтамасыз ету жолдарының қалыптасқандығын көруге болады.
Ойын арқылы баланың қозғалыс дағдыларын ғана жетілдіріп қоймай дұрыс сөйлеуді, іс-әрекеттерді түсінікті жатық сипаттауды, шешен сөйлеп тапқыр болуға да тәрбиелейді.
Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын сауалнама сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 88% ұлттық ойындар мен спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.

1-кесте – Ұлттық ойындар мен спортты білу, үйрену сізге қажет пе? Сауалнама көрсеткіші. n-399









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет