Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет3/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

Алғы сөз
Монографиялық жұмыста қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын қазақтың ұлттық халық ойындарының теориялық-педагогикалық тұрғыдан қалыптасуы, ойындардың қоғамдағы әлеуметтік, тәрбиелік, рухани орнын анықтай келе, ойындарды барлық жастағы адамдар арасында ұтымды дене тәрбиесі құралы ретінде пайдалануды іске асыру мақсаттары қойылды. Сонымен қатар тарих толқынында ұмытылған, шеттетілген ойындарды да халық арасынан жинақтау іске асырылды. Монографияда елімізде ойындарға байланысты қорғалған ғылыми зерттеу жұмыстары, баспадан шыққан кітаптардағы, журналдардағы, газеттердегі ойындар туралы деректер берілумен қатар, ойындарды топтау, жүйелеу, ойындарға атаулар беру, кәсіби сөздерді жинақтау іске асырылып, педагогикалық анықтамалар берілді.
Көптеген ойындардың ел ішінде бірнеше атаулармен кездесетіндіктері мысалы: «бестас» ойынының «қақпақыл», «тоғызтас» деген атаулары болса, жамбы ату, «айқабақ» немесе «алтын қабақ» деп аталып, «теңге ілу», «күміс алу», «салма ілу» деген аттары бола тұра, олардың бір ойын түрі екендігі көрсетіліп және ойынның бірнеше нұсқаларының бар екендігі нақтыланды.
Ойындарды топтау барысында дәстүрлі ойын-сауық түрлері жеке топтастырылып, ұлттық спорттық ойындарына ережесі қалыптасып бекітілген, спорттық жарыстар өткізілетін ойындар енді, мал, жан-жануарларды қолданып немесе соларға еліктеп ойналатын ойындар жеке, жаңадан қалыптасқан ойындар жеке топталып, ал мазмұны қарапайым, ойнауға жеңіл, уақыт өткізуге қолайлы ойындар ермек ойындары деп жеке топтастырылып берілді.
Ұлттық ойындардың педагогикадағы және этнопедагогикадағы мәнін ашу барысында алдымен ойындардың жас ұрпақтың дене қабілеттерінің өсіп-дамуына, танымдық дүниесінің қалыптасуына, сауаттылықты ойын арқылы жетілдіру, ойындардың адам мінез-құлқына әсері, ұлттық тәрбиемен сусындауына жол ашу сияқты маңызды бағыттары бойынша халқымыз жинақтаған дана тәрбиесін жинақтаушы ағартушылар, зерттеушілер, ұстаздардың еңбектеріне баса көңіл аударылды. Сол арқылы қазіргі жас ұрпақты ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді сақтаушы, жалғастырушы ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсаттары қойылды.
Монографияға енген барлығы 326 ойынның мазмұны, ойнау ережесі берілді, сонымен қоса халық арасында бұрында болған, қазірде ұмыт болған ойындар тізімі де енгізілді. Ойындарды күнделікті өмірде қолдануды, таңдап алуды жеңілдету мақсатында ойындар кесте түрінде бірнеше топтарға бөлініп, қолдануға керекті құрал-жабдықтар, ойын барысындағы негізгі дене қозғалыс түрлері, ойынның топтық немесе жекелей түрлері көрсетіліп берілді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет