Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет102/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

120. Тұсаукесер
Тұсаукесер дәстүрін жыл мезгіліне байланысты үйде немесе жылы айларда далада, таза ауаға шығып, көкмайса жерге дәмге толы дастарқан жайып баланың туған-туыстары жиналып өткізеді. Жиналған көпшілік арасынан түсау кесетін адамды таңдау барысында жүрісі жылдам, ширақ, шаруаға епті, сыйлы адамды той иелері өздерінің қалаулары бойынша тұсауды кесетін адам деп сайлауы да мүмкін. Тұсауын кесетін бала өскенде тұсау кескен адамға ұқсап қимылы ширақ, сыйлы болсын деген сеніммен кестіреді.
Тұсау ретінде есілген таза ала жіп қолданады, ондағы ала жіпті қолданудың тәрбиелік мәні, бала өскенде шыншыл, біреудің ала жібін аттамасын деген ойды білдіреді. Тұсау кесуге үміткерлерді тойға жиналғандар арасында жаяу жарыс өткізу арқылы да таңдау бар. Тұсау кесер жарысы тойдың қызығын көтеріп, адамдарды сергітеді. Жаяу жарыста озып келген адамға түсау кесу құрметі тапсырылады. Жаяу жарысқа тұсау кесуге үміткер үлкен-кішінің бәрі қатысады. Жарысатын қашықтық алдын ала белгіленіп қояды. Егерде баланың туыстарының қалауы бойынша жарысқа қатыспаған басқа адамға тұсау кесу рәсімін орындау тапсырылатын болса, онда жаяу жарыста озып келген адамға жеке арнайы сыйлығы беріледі. Тұсаукесер дәстүрі қазақ халқының көне дәстүрі болып саналады.
121 Тақсыр хан
Бұл ойынды балалар мен жастар ойнайды. Ойын үшін екі «хан» сайланады. Әр хан ойынға қатысушыларды теңдей екіге бөліп алады. Сөйтіп, өзіне қарастылардың ішінен әр хан бір-бірден өзіне «елші» тағайындайды. Мұнан кейін екі хан өзара келіссөз жүргізеді. Ол үшін бірінің «елшісі» екінші ханға барып «тақсыр хан» деп тағзым етеді. Хан оған ән айтуға бұйырады. Ханның елшісі қатесіз ән салуы қажет. Әннің ішінде ол қарсы жақтың бір адамының атын атайды. Хан аты аталған адамды «елшінің» алып кетуіне рұқсат береді. Мұнан кейін екінші ханның «елшісі» де осындай әрекетті толық қайталайды. Егер ханның елшісі әнді дұрыс айтпай кібіртіктеп қателесетін болса, қарсы топқа тұтқынға түседі, сөйтіп ойын екі жақтын бірінің ойыншылары таусылғанша жалғаса береді. Қай топтың ойыншысы таусылса, сол топ жеңілген болып есептеледі.
Жеңілген хан екінші ханға келіп тағзым етеді де, сонан кейін өзі ән салады. Егер ол қателессе, өзі де тұтқынға түседі. Ал дұрыс айтса жеңген хан оған бір адамын қайтарады. Жеңілген хан сол адам арқылы өзінің бұрынғы ойыншыларын қайтаруға әрекет етеді, тіптен қарсы жақтың адамдарын да тұтқынға алуға болады. Ойын екі ханның бірінің тұтқынға түсуімен аяқталады.
122. Мүңіз
Мүңіз – мүңіз, мүйіз – мүйіз. Балалар ойыны. Балалар су жағасында тізіліп отырады. Олардың бірі мүйіз-мүйіз дейді. Екінші бала мүйізді малдарды тізіп айта бастайды. Балалар оның айтқанын қайталайды. Айтушы бала сөз арасына мүйізсіз мал айтып қосып жібереді. Қай бала соған ілесіп әлгі малдың атын атап жіберсе, сол баланы суға итеріп жібереді.
123. Күблүк
Күблүк – лай батпақты илеп жаңғақтың үлкендегіндей етіп жасап кептірілген сақа. Ол қолмен лақтырылады не сақпанға салынып атылады. Күлбүлік дәлдікті, ептілікті дамытуға пайдалы (Махмуд Қашқари).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет