67. Жер, теңіз, ауа Ойынды далада, не бөлмеде ойнауға болады. Ойын жүргізуші тағайындалады, оның қолында орамал болады. Ойнаушылар қатарласып отырады. Жүргізуші отырғандардың бірін нұсқап: «Жер», «Теңіз» немесе «Ауа» деген сөздердің бірін айтады. Мысалы, ол «Жер» деген сөзді айтты делік, сол сөзді айтысымен нұсқаған ойыншыдан жауап күтеді. Жүргізуші үшке дейін санап болғанша нұсқаған ойыншы бір жануардың атын атап үлгеруі керек. Сонда нұсқаған бала мүдірмей жерде тіршілік ететін жануарлардың бірін атауы керек. Үшке дейін санағанша жауап беріп үлгермесе жауап беруші баланы орамалмен арқасынан ұрып жібереді. Ал жауапты тез айтып үлгерсе ойында қала береді. Жүргізуші келесі ойыншыға сұрақ қояды. Бастаушы «теңіз» деген сөзді айтса, теңзде өмір сүретін жан-жануарлардың, балықтың, «ауа» десе ауада ұшатын құстардың атын атауы керек.
Кімде-кім ойын аяғына дейін дұрыс жауап беріп отырса, сол жеңіске жетеді.
Ойын білімді терендетеді, тапқырлыққа жаттықтырады.