Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет71/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

69. Көрші ойыны
Мұны жастар әр түрлі жиын-тойларда ойнайды. Алдымен жүргізуші қатысушыларды бір қыз бен бір жігіттен жұптайды, сонда ол екеуі бір-біріне көрші болып есептеледі. Ойынға қатысушылар дөңгеленіп көршілермен бірге отырғызылады. Жүргізушінің қолында өрілген орамал болады. Ол ойынның басталғанын хабарлап, кез келген жұптың біреуінен (көбіне жігіттен) «Көршіңмен татусың ба»? – деп сұрайды. Егер жігіт: «Татумын» деп жауап берсе, ойын жүргізуші: «Татулық белгісін көрсет» дейді. Татулық белгісі ретінде жігіт көрші болып отырған қыздың бетінен сүюі немесе екеуі қосылып бір, не екі ауыз ән салып беруі керек. Ал «аразбын» деген жағдайда, ол өзі қалайтын қыздың есімін атайды. Енді ойын жүргізуші ол қыздың қасындағы жігіттен: «Көршіңді қалап жатыр, бересің бе?» – дейді. Егер берсе қыздар орын ауыстырып отырады. Ал «бермеймін» деген жағдайда ойын жүргізуші жаңағы қыз қалаушы жігітке келіп: – Көршісін бермейді, оған не жаза бұйырасың? – дейді. Мұндайда көбінесе ән салуға, күй тартуға, орамалмен соғуға бұйырады. Ойын осы тәртіппен созыла береді. Ойынды жандандыра түсу үшін қыз пікірін сұрауға да болады.
Көрші ойынында жастардың барлығы да өз өнерлерін ортаға салады. Қыз-бозбаланың бір-біріне деген сезімдері де байқалып жатады.
Серік-серік (2 түрі)
Ойын көбіне сауық кештерінде ойналады. Ойнаған кезде көрші болып бір жігіт, бір қыз қатар отырады. Ойынға қатысушылардың біреуі көршісіз қалады. Жүргізушінің мақсаты – тақ қалған ойыншыға көрші іздеу. Жүргізуші: – Сіз кімнің көршісін қалайсыз? дейді.
Ойыншы: – Маған бәленнің көршісі керек, – дейді. Ойын жүргізуші көрсеткен көршілерден келіп (ер баладан:) «Көршіңмен аразбысың, татумысың?» (Қассың ба, доссың ба?) – деп сұрайды. Егер «аразбын» десе, көршісі тақ қалған ойыншыға келіп көрші болады, ал бергісі келмесе, «татумын», – дейді. Ондай жағдайда тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады немесе тақ ойыншының ұйғаруымен көпшілікке өнер көрсетеді. Тақ қалған ойыншы көрші тауып алса, екінші тақ қалған ойыншы көрші іздейді. Ойын жалғаса береді. Осы ойынды ойнау үстінде cерігін бермеген не сұраған адам кезекпен төмендегідей өлеңдерді айтады:
Дегенде қалың қамыс, қалың қамыс,
Ішінде қалың қамыс атпен жарыс.
Бірге өскен кішкентайдан, беу, замандас,
Бергенім серігімді болар намыс.
Ендеше мия аламын, мия аламын,
Мияны төкпей-шашпай жия аламын,
Беруге сіздің жаққа, беу, қарағым,
Қалайша серігімді қия аламын.
Дегенде қарағай ма, қарағай ма,
Қара аттың жал-құйрығын тарамай ма?
Серігімді сұрайсың, беу, замандас,
Серігің серіктікке жарамай ма?
Ендеше үрсін-дүрсін, үрсін-дүрсін,
Көзіңнің алды күлмей, арты күлсін.
Серігімді қалайсың, беу, замандас,
Серігім барам десе өзі білсін.
Дегенде әлі уақта, әлі уақта,
Сары самаурын қайнайды сәрі уақта.
Кішкенеден бірге өскен құрбыларым
Бермеймін серігіңді сіздің жаққа.
Ендеше дөнен кер ме, дөнен кер ме,
Зулап ұшқан құстаймын өлең десе,
Серігімді сұрансың, беу, замандас,
Бермеймін серігімді жөні келсе.
Дегенде аппар-наппар, аппар-наппар,
Біздерде өлең десең, бірер қап бар.
Сұраймын серігіңді, беу, құдаша,
Бермесең өлеңменен ұстап ап қал.
Дегенде адыр-қырат, адыр-қырат,
Жасайық тамашаны басты құрап.
Бермеймін қасымдағы серігімді,
Болма әуре бізден бұл жол серік сұрап.
Ендеше мия аламын, мия аламын,
Мияны төкпей-шашпай жия аламын.
Бірге өскен кішкентайдан, ой, замандас,
Беруге серігімді ұяламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет