Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет210/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

270. «Бүркіт» ойыны
Ойынды жүргізу үшін биіктігі 25-30 см орындық не спортшылар отыратын ұзын орындық сәкі қажет болады. Сол орындықтың үстіне шығып, жүресінен отырған ойыншы, екі аяғының арасынан екі қолын әлгі орындыққа не сәкіге тіреп, еңкейіп барып, жерде жатқан тақияны не затты аузымен тістеп алуы қажет. Бұл ойынды орындағанда адамның екі тізесі шалқайып сыртына қарай көтеріледі де, дене салмағы екі қолының білегіне түседі. Ойын дене шынықтыруға, күш қуатын жетілдіре түсуге қолайлы.
271. Судағы жасырынбақ
Ойынға қатынасушылар суға түсерде бастарына резеңке арнайы бас киім киеді. Баскиіммен көздері де жабық болады. Бір ойыншы баскиім кимей ортаға шығады, оның қолында қоңырауы болады. Резеңке баскиім киген көздері жабық барлық жүзуші қоңырау соғып жүрген баланы іздейді.
Қоңыраушыны ұстап алған бала қалпақты қоңыраушыға кигізеді де, қоңырауды өзі алады. Өзі қуып жүргендерге ұстатпауға тырысады. Ойынға 10-20 ойыншының қатынасуына болады. Ойын суда жүзе білуге, дыбысты айыра білуге, сезімталдыққа үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет