Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет209/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

268. «Шыжылдауық»
«Шыжылдауық» ойынын балалар көбіне жаз кезінде ойнайды. Ойнау үшін темірден жасалған шеңбер дөңгелектер қолданылады және дөңгелекті итеріп жүгіретін темірден жасалған көсеуге ұқсаған құралы болады. Ойнаған кезде бірнеше балалар жарыса жүгіреді, осы кезде әр баланың дөңгелегінен «шыжылдаған» әртүрлі дыбыстар шығады. Ойыншы мақсаты өз дөңгелегін итере жүгіріп, неғұрлым көп уақыт дөңгелекті құлатпай жүгіру.
269. «Атпен қуу ойыны»
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші тағайындалады. Ойнайтын алаңға қашықтығы 200-500 метр аралығындағы жерден екі көмбе белгіленеді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып басына алыстан көрінетін зат іледі, кигізеді де, екінші таяқшаның жанына ойынды жүргізуші өзі тұрады. Ойынға қатысатындардың әрбірінде шыбықтан мінген өз «аттары» болады. Екі топтан екі адамды сөреге шақырып, біреуінің қолына белбеу (немесе түйілген орамал) береді. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар көмбеге қарай жүгіріп шабады. Белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге жеткізбей қуып жетіп, ұруы керек. Қуған ойыншы қашқан ойыншыны көмбеге дейін ұрып келуіне болады. Енді ойынға келесі екі атты шақырылады. Қай топтың ойыншысы көбірек қуып жетіп ұрса, сол топ жеңген болып есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет