Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет206/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

265. «Сауатсыздықты жою»
Ойынды бір топ болып ойнайды. Ойыншылар орталарынан сауат ашқыш «мұғалімді» тағайындайды. Қалғандары «хат танымайтындар» болып есептеледі. Ойын үшін жазық алаңда шеңбер сызылады да, ортасына «мұғалім», оны айнала «сауатсыздар» тұрады. «Мұғалім» екі қолын жайып, алаң ішіндегі ойыншыларға қарай жүгіреді. Куып жеткен кез келген ойыншыны құшақтай алады, ұсталған ойыншыға өзі қалаған сөздің бірінші буынын тез айтады, ұсталған ойыншы оған тез жауап қатуы керек. Мысалы «қа»... дейді. Оған ұсталған бала «қағаз», «қасқыр», «қалам» т.б. деп жылдам жауап беруі қажет. Тез жауап бере алған ойыншы хат таныған болып есептеледі де, енді ол «мұғаліммен» бірге, «сауатсыздарды» ұстауға кемектеседі. Сөйтіп ойыншылар түгел ұсталғанша ойын жалғаса береді. Ойын арасында «мұғалім» сауатын ашқан, яғни ұсталған шәкірттеріне нұсқау беріп, кімді ұстау керектігін айтып отыруына болады. Ойыншылардың қай-қайсысы да белгіленген ойын алаңынан сыртқа шықпауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет