Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет214/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

277. Сандық толтыру
Балалар арасында жиі ойналатын ойын. Ойын мақсаты қашықтықта тұрған сандық жәшігіне ойыншық заттарды алыстан тұрып лақтырып толтыру қажет. Ойын дәлдікке баулиды. Затты лақтыруды бір немесе екі қолмен лақтыру, қарамай тұрып лақтыру сияқты түрлендіріп өткізуге болады.
278. Әріп таңдау
Ойнаушы балалар дөңгелене отырады. Бір ойыншыны басқарушы етіп тағайындайды. Ойынды жүргізуші отырғандарға әріптерді өзінің қалауы бойынша таратып береді. Ойын шарты бойынша әр бала өзіне берілген әріп бойынша жүргізуші сұрақтарына жылдам, жаңылмай жауап беріп отыруы қажет. Мысалы «А» әрпі келген ойыншы тек «А» әрпінен басталатын сөздермен жауап береді.

  • Сенің атың кім?

  • Асан.

  • Фамилияң кім?

  • Ахметов.

  • Қайдан келдің?

  • Ауылдан.

  • Қайда барасың ?

  • Алматыға.

  • Немен барасың?

  • Автобуспен.

  • Онда не өседі?

  • Алма.

  • Тағы не өседі?

  • Алмұрт, асқабақ, алша.

  • Сені кім қарсы алады?

  • Айдар.

Сұрақтар осылай жалғаса береді. Жүргізуші қалауы бойынша келесі ойыншыдан сұрақтарды сұрай бастайды. Жауап беруге үш рет алақан соққанға дейін уақыт беріледі. Сұраққа тез дәл жауап бере алмаған ойыншы қателескені үшін отырған ойыншылардың арттарынан секеңдеп бір аяқтап, жан-жануарлардың дауысын салып айналып келіп орнына отырады. Ойын барлық әріптер жауап бергенше жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет