Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет204/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

260. «Ат омырауластыру»
Ойынға қатысушылардың барлығы шыбық «аттарға» мініп шеңбердің ортасына жиналады. Ойыншылар тең екі топқа бөлініп, бір топтағылар екінші топтағыларды белгілі бір уақыт аралығында шеңберден итеріп шығуға тапсырма беріледі. Шеңберден шығару иықпен итеру арқылы іске асырылады. Ойын жүргізушінің белгісімен ойыншылар шеңбер ішінен бірін-бірі ығыстырып шығара бастайды. Ығыстырғанда тек иықпен итереді, екі қолдарымен «аттарын» ұстайды. Ойынды шеңбердің ішіндегі қарсы топтың барлығы шыққанша да жалғастыруға болады.
261. Жаяулату
Ойынға 20-30 шаршы метр келетін алаң белгіленеді. Белгіленген алаң ортасына ойынға қатысушы 3-5 жаяу адам мен бір атты шығады. Жаяу ойыншылардың мақсаттары аттыны жаяулату. Ойынның шарты бойынша, жаяулардан қашқан аттының белгіленген алаңның сыртына шығып кетуіне болмайды. Жаяулар аттының атына тиіспей өзін ат үстінен аударып алу үшін 5-10 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде аттыны жерге түсіре алмаса, жаяулардың келесі тобы шығады.
262. Жіп тартыс
Бұл ойынға жастары шамалас келген ойыншылар қатысқаны тиімді. Екі ойыншы бір-біріне арқаларын сүйеп, аяқтарын алшақ қойып түзу сызықтың екі жағына тұрады. Аяқтарының астына жерге еңкейгенде қолдары жететіндей ұзындау үзілмейтін жіп қойылады. Жіп жіңішке болса ұштарын түйіп қоюға болады. Ойын жүргізуші:
Бір...
Екі...
Үш... деген кезде екі ойыншы да еңкейіп жіпті өз жағына тартып алуға тырысады. Қай ойыншы жылдам әрекет етіп жіпті өзіне тартып алса, сол жеңеді. Ойынды үш рет қайталатуға болады.
263. Итеріспек
Ойын кең жерде өтеді. Ойнаушылар санына шек қойылмайды. Ортаға үлкен шеңбер сызылады да, ортаға екі ойыншы шығады. Ойын шарты бойынша екі ойыншы да бір аяқтарымен секіріп жүріп, иықтарымен қағысып қарсыласын шеңберден итеріп шығаруы қажет. Иықпен итеріскен кезде ойыншы аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені болып саналады. Ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет