Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор


Технологиялық қызметті ұйымдастыру мен оны басқару сипатына орайласқан



бет138/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   226
Технологиялық қызметті ұйымдастыру мен оны басқару сипатына орайласқан педагогикалық жүйені (технологияны) ажырата, топтастырған В.П.Беспалько, оның пікірінше, мұғалім мен шәкіртің өзара әрекеттестігі (басқарымы) ажырасқан болуы мүмкін (яғни бала іс-әрекетіне бақылау да, реттеу-түзету де болмайды); айналамда (циклді) - бақылаулы; өзіндік және өзара бақылаулық; шашыраңқы (фронталь) немесе жекеленген бағытты және қолды (сөзді) не автоматтасқан (оқу құралдары жәрдемемен) технологиялар болуы мүмкін .

Әдетте, тәжірибеде бір бағытты технологиялардың әрқилы бірікпесі колданылып жатады. Олар арасында кең тарағандарды:

- дәстүрлі сынып-сабақтың жүйе (дәрістік және өзіндік кітаппен жұмыс)

- қазіргі заман дәстүрлі оқу-үйретімі (дидахозеафия және техникалық құралдар).

- топтық және жіктемелі оқу-үйретім (мұғалім бір уақытта бүкіл сыныппен қатар әр баламен өз алдына жұмыс алып барады).

- бағдарламаластырылған оқу-үйретім (бағдарласқан басқару оқу-үйретім технологияларының басқа түрлерін шамалап қолданумен бірге жүреді).

Педагогикалық технологиялардың түбегейлі маңызды тарапы - тәлім-тәрбие үдерісіндегі бала орны, ересек тарапынан балаға болған қатынас. Бұл орайда бірнеше технология түрі ажыралады:

а) Әміршіл-әкімшіл технология. Мұнда педагог оқу-тәрбие үдерісінің бірбеткей әміршіл-субъекті, ал шәкірт оның қолындағы «объекті», әрекет «шикізаты». Бұл технология мектеп өмірінің қатқыл тәртібімен орындалып, шәкірттер ынтасы мен дербестігіне тұсау салып, өз талаптарына мәжбүрлейді.

б) Бала тұлғасын ескерусіз қалдырумен мұғалім және шәкірт арасындағы сол баяғы «субъект-объект» қатынас жүйесіне негізделген дидактоцентрлік технология. Мұндағы бірінші мәселе тәрбие емес, жалаң оқу, білім топтау, яғни тұлға қалыптасуына ықпал ету құралы ретінде бағдарламалық пән негіздерін меңгеру ғана алға тартылады.

в) Тұлғалық бағытты технология бүкіл мемлекеттік тәлім-тәрбие жүйесін бала төңірегіне бағыттап, оның дамуы мен табиғи мүмкіндіктерінің іске асуына көмектесу, жайма шуақты жағдай, кедергілер мен қатерден сақтау амалдарын орындауды көздейді. Бұл технологияда бала тұлғасы әрекетшең субъект ретінде қабылданады, ол үйретім, тәлім-тәрбие жүйесінің «шикізаты» немесе дерексіз мұраты емес, ол нақты да ең жоғары мақсаты. Мұндай технологиялар антропоцентр деп те аталады.

«Дәстүрлі оқу» терминінің мәні ең алдымен ХVIІІ ғасырда Я.А.Коменский тарапынан ашылды. Дәстүрлі педагогикалық технология жүйеленген дидактика принциптерін арқау еткен сынып-сабактық оқу-үйретім мәніне саяды, әрі сол түсінік дүние мектептерінде осы күнге дейін басымды күйінде сақталған.

Дәстүрлі сынып-сабактық технологияның ерекше белгілері келесідей: сынып біріңғай жылдық жоспар, бағдарлама мен оқу-үйретім кестесі бойынша жұмыска тартылады. Осыдан балалар мектепке жылдың белгілі мерзімінде, белгіленген бір уақытта келуі міндетті.

Дәрістердің негізгі бірлігі – сабақ. Сабақ, әдетте, бір оқу-үйретім пәніне, тақырыбына арналып, сыныптағы шәкірттердің баршасы бір материал үстінде жұмыс атқарады.

Сабақта оқушылар жұмысына мүғалім басшылық жасайды: өз пәні бойынша нәтижелерін, әр баланың жеке үлгерімін бағалап, жыл аяғында шәкірттерді келесі сыныпқа ауыстыру жөнінде шешім қабылдайды.

Оқулықтар, оқу құралдары негізінен үй жұмыстарын орындауға пайдаланылады.

Шәкірт, оқу-үйретім күні, сабақ кестесі, оқу-үйретім - сынып-сабақтық жүйенің басты белгілері.

Оқу-үйретім мақсаты - біршама шарттарға тәуелді қандай да құрамдас бірліктерді қамтығая ауысымды категория.

Кеңестік педагогикадағы «оқу» мақсаттары келесідей шарттармен сабақтас болатын:



  • білім жүйесін қалыптастырып, ғылым негіздерін меңгеру.

  • ғылыми таным негіздерін қалыптастыру.

  • әр баланың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына көз жеткізу:

  • коммунизм үшін, бүкіл адамзаттың жарқын болашағы үшін идеялық шыңдалған күрескер тәрбиелеу.

Сонымен, өз сипаты бойынша оқу технологиясы – бұл күні бұрын белгіленген қасиеттерге сай тұлға қалыптастыру.

Өз мазмұны бойынша дәстүрлі технологияның мазмұны тұлғаның тұтастай адами дамуына бағытталмай («жан-жақты даму» әшейін уағыз болатын), негізінен шәкірттерге бағдарламалық білім, ептілік, дағдыларды игертумен шектелетін.

Бүгінгі таңдағы қазақстандық мектептегі жалпылай мақсаттар бірқанша келелі өзгерістерге ұшырады - идеолгия аласталды, жан-жақты үйлесімді даму ұраны жойылды. Адамгершілік тәрбиесінің сипаты өзгеріске түсті, алайда алдын ала жоспарланған сапалар жиынтығы күйіндегі мақсаттар ұсыну үлгісі, тәлім-тәрбие стандарттары бұрынғыша сақталуда.

Дәстүрлі технологияны қару еткен бұқаралық мектеп ежелгіше «Білімдік мектеп» есебінде сақталып, тұлға мәдениетінен гөрі оның ақпараттың қанықтығына, яғни үйрену-үйретуге, тәрбиелеуге емес, «оқуға», «оқытуға», көбірек мән береді, адамның сезімдік - көңіл-күй жағдайынан гөрі ес-танымдық сапасын басты назарға алады.

Тәлім-тәрбие технологиясының тұжырымдамалық ерекшелігі өз заманында Я.А.Коменский нактылаған дидактикалық принциптерге негізделген:


  • ғылымилық (білім-ақиқат, ол жалған болмайды, толыкты болмауы ықтимал);

  • табиғи-сәйкестік (тәлім-тәрбие даму қарқынымен байланысты, оза не шегініспен қабылдануы мүмкін емес);

  • бірізділік және жүйелілік (үдерістің қисынды ізбе-із өтуі, жалқыдан жалпыға біртіндеп ауысуы);

  • түсініктілігі (белгіліден белгісізге, жеңілден қиынға өтуі, ұсынылған білім, ептілік, дағдылардың бала қажеттігі және мүмкіндігіне орай қабылданып игерілуі);

  • беріктігі (қайталау - басты шарт);

  • саналылық және белсенділік (мұғалім қойған мәселені шешуге дайын бол, оның қойған талабын орындауда белсенділік көрсет);

  • көрнекілік (қабылдау үшін әрқилы сезім мүшелерін қоса біл);

  • теорияның, тәжірибенің байланысы (оқу-үйретім үдерісі қаңдай да бір белгілі білімдерді қолдана пайдаланып, қанағат табуға тартылады).

жеке-даралық ерекшеліктерді ескеру.

Оқу-үйретім – бұл білім, ептілік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені ересек әулеттен келер ұрпакқа өткізу үдерісі. Мұндай біртұтас үдеріс ауқымына мақсаттар, мазмұн, әдістер мен жабдықтар қамтылады.

Мазмұн ерекшелігі:

Дәстүрлі бұқаралық мектептегі тәлім-тәрбие мазмұны Қеңестік дәуірде қалыптасқан (оған негіз болған: елді индустриализациялау міндеттері, өркениетті капиталистік мемлекеттердегі тәлім-тәрбие деңгейіне қуалай жету, ғылыми-техникалық өрлеудің жалпы ролі), әлі де болса сол баяғы күйінде, технократиялық бағыттан арыла алмай жатыр. Тәлім жүйесі тұлғаның ақыл-ес бастауларын ғана қалауға бағышталып, оның рухани, адамгершілік сапаларынын дамуына көлеңке түсірді. Мектеп оқу пәндерінің 75% мидің сол жарым шарының дамуына арналды, ал эстетикалық пәндерге 3% бөлініп, кеңестік мектептегі рухани тәрбиеге тіпті де көңіл бөлінбеді.

Дәстүрлі жүйе біріңғай сипатта болып, таңдау мен балама еркіндігі шулы уағыздалғанымен, бір бағытты талапқа бағындыру басым келді. Оқу-үйретім мазмұны орталықтан, оған алып, қосуға тиым салынып, баламасыздыққа тап болды. Тірек оқу-жоспарлары бүкіл ел үшін бір сілтеме негізінде түзіліп, қатқыл стандарттан шығу мүмкіндігі берілмеді. Оқу пәндері (ғылым негіздері) ұзыннан ұзақ бір «құбырға» телініп, бала соның ішіндегі ақпараттан басқасына бет бұра алмайтын болды. Оқу (тура мағынада), жаттау, білім топтау талабы тәрбие талаптарынан гөрі басымдау болды, тәлім-тәрбие пәндерінің сабақтастығы ескерілмеді. Қаржыландыру "аймағында білімдік (академиялық) салаға басты назар аударылып, тәрбиелік (клубтық) жұмыс формаларын көбіне ескермейді . Тәрбиелік жұмыстар науқандық шара педагогикасының талаптарына маталып, теріс тәлім-тәрбие ықпалдарына кезекті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет