Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет146/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   226
Қызметтестік педагогикасының мақсаттық бағдары:

  • әкімшіл, өкімді педагогикадан қарым-қатынасты, ортақтасу педагогикасына өту;

  • балаға ізгілікті (гуманды) тұлғалық қатынас жасау;

  • тәлім және тәрбиенің бірлігі.

Қызметтестік педагогикасы өзінің мән-сипаты бойынша келесідей түсінік идеяларға орайласады:

  • ересектер мен балалардың өзара ұғынуы, баланың рухани дүниесіне ене білуі, осы іс-әрекеттің барысы мен нәтижесін бірлікті талдау, сараптауымен бекімге келген ортақ іс-әрекет;

  • қызметтестік қатынастар жүйесі көп қырлы, дегенмен, осы жүйедегі басты мәселе «мұғалім-шәкірт» қатынасы;

  • бір үдерістің екі субьекті бірлікті әрекетке келуі, бірі екіншісіне бағынышты болмағаны шарт.

Ұжым шектерінде қызметтестік қатынастар мұғалімдер арасында, олардың мектеп әкімшілігімен, шәкірттер қауымдастығымен, тәлімгерлер бірлестігімен тығыз ынтымақты байланысына негізделуі; қызметтестік принципі тәрбиеленушілердің, педагогтар мен басшылардың қоршаған әлеуметтік ортамен (ата-аналар, отбасы, қоғамдық және еңбектік мекемелер) түзген барша қатынас-байланыстықтың арқауы болуы қажет.

Қызметтестік педагогикасының идея, тұжырымдары төрт бағытта іске асып жатады.

Балаға деген гуманды-тұлғалық көзқарас. Мектептік тәлім-тәрбие жүйесінің басты мақсаты - тұлға сапаларының барынша түастығын сақтап, олардың бірігімді дамытуына жағдайлар жасау.

Мектеп мұраты - тұлғаның ішкі жан қуаттары мен мүмкіндіктерін жарыққа шығарып, оның толықтай да еркін дамуы үшін пайдалану. Гуманды-тұлғалық бағыт келесідей мақсаттардың басын біріктіреді:



  • тұлғаны тәрбие – тәлім мақсаты ретінде жаңаша қөзқараспен танып, педагогикалық үдерісті тұлғалық бағытта жүргізу;

  • тәрбие, тәлім қатынастарын гуманизациялау және демократияландыру;

  • қазіргі заман жағдайларында тиімсіз, тікелей мәжбүрлеу әдісінен біржола құтылу;

  • жеке-даралықты пайымдауда жаңаша түсініктерді қолдану;

  • өз әрекет - қылық жүйесін құруға негіз болар тұғаның өзі жөніндегі саналы да бейсаналы пайымдарын ескерумен ұнамды «мен тұжырымын» қалыптастыру.

Белсенділік көтеруші және дамытушы дидактикалық кешен.Балаларды неге және қалай үйрету; тәлім мазмұны мектептің өз бетінше басымды болған мақсаты емес, тұлға дамуының құралы ретіңде қарастырылуы секілді мәселелер шешімінде түбегейлі жаңа бағытты көзқарастар пайда болуда.

Тәлім үдерісін жетілдірудің әдістері мен формалары жаңашыл педагогтардың авторлық жүйесінде қолданым тапқан дидактикалық идеялар жәрдемімен ашылуда. Олар В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Штейнердің еркіндік идеясы, С.Н.Лысенкованың өзара үйретуі, Эрдниевтың ірі блокты ұсынылымы, В.А.Сухомлинскийдің сыныпта ақыл-парасат аймағын түзіуі, Л.В.Занковтың тұлға дамыту идеясы, И.П.Волковтың шығармашыл және оның орындаушылық қабілеттер жөніндегі идеясы, Л.С.Выготскийдің жақын даму аймағы және т.б.




Тәрбие тұжырымы Қызметтестік педагогикасының тұжырымдамалық ережелері бүгінгі заман мектептеріндегі тәрбиенің дамуына негіз болар аса маңызды бағыттарын айқындады. Олар:

  • тәлім, білімдік мектепті тәрбие мектебіне айналдыру;

  • шәкірт тұлғасын барша тәрбие жүйесінің өзегі деп тану;

  • тәрбиені гуманизмге орайластыру, жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына жағдай жасау;

  • баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жол ашу;

  • қазактың ұлттық және мәдени дәстүр-үрдістерін жаңғырту;

  • жеке-дара және ұжымдық тәрбиені өзара байланысты жүргізу;

  • салмақты мақсаттар қойьш бару





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет