Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор


Осыдан, бала Табиғат пен Ғарыштың ең құнды өнімі



бет149/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   226
Осыдан, бала Табиғат пен Ғарыштың ең құнды өнімі ретінде танылып, солардың аса маңызды сипаттарын - қуаттылық пен шексіздігінің иегері болуына жәрдемдесу;Баланың біртұтас психологиясы үш қасиеттен: дамуға деген құмарлық, есеюге құштарлық пен еркіндіктен құралатынын есте сақтау-тұлғалық бағытты тәрбиенің ізгі мақсаты.

Тұлғаға тән аса маңызды ептіліктер мен қабілеттер және оларға сәйкес пәндер не сабақтар: танымдық ізденіс; жазба-сөз әрекеттер; лингвистикалық сезім; жоғары математикалық ұғымдарды саналы түсіну; әсемдікке жету; іс-әрекетті жоспарлау; өжеттілік пен шыдамдылық; ортақтасу; шет тілін білу; шахмат; рухани өмір; қоршаған орта әдемілігін сезіну.

Аталған білімдер мен ептіліктер әдістемелер мен әдістемелік тәсілдердің арнайы мазмұны жәрдемімен қалыптасады. Олар:


  • гуманизм - балаға болған мейір-махаббат өнері, бала бақыты, таңдау еркіндігі, таным қуанышы;

  • даралықты бағыт: тұлғаны зертеп тану, қабілеттерін дамыту, өз бойына тереңдей назар салу, табыс педагогикасы;

  • ортақтасу шеберлігі: өзара жәрдем заңы,

  • жәриялылық: сұрақ қойғанды ардақтау, жасампаз қиялға өріс беру;

  • отбасы педагогикасының қуатын пайдалану, ата-аналар сембіліктері, кәрілікті қастерлеу, ата-ананы ардақтау;

  • үдерістерді заттандыру тәсілдері, балалардың әдеби шығармашылығы.

Ш.А.Амонашвили технологиясында басты мән бала іс-әрекетін бағалауға аударылады. Баға қолдану өте шектеулі, себебі баға - бұл «кемісті педагогиканың тіреуіші»; сандық баға орнына – сапалы баға, мінездеме, нәтижелер, өзіндік талдау мен өзіндік бағалауға үйрету.

Сабақ Ш.А.Амонашвили тағылымында - бала өмірінің жетекші формасы (тек оқыту, ұқтыру, үйрету үдерісі емес), ол өз ішіне баланың өз бетінше пайда болатын да, әдейі ұйымдастырылатын да өмір құбылыстарын қамтиды (сабақ-шығармашылдық, сабақ-ойын, сабақ-нақты мезеттегі өмір).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет