Қызметтестік педагогикасы тәлім жүйесінде көптеген жаңашыл үдерістерді өмірге әкелген 80-жылдардың аса ауқымды педагогикалық тұжырымдамалардың бірі. Бұл технология атамасы дәстүрлі орыс ғылыми мектебіні қалаушылар К.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, Л.Н.Толстой, кеңестік дәуір мектебінің өкілдері (С.Г.Шацкий, В.А.Сухомлинский, С.А.Манарский), шетелдік педагогтар (Ж.Ж.Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн), психология-педагогикалық тәжірибе мен теория саласына жолдама қорытулар берген жаңашыл педагогтар тарапынан жарияланған.
Біртұтас технология ретінде қызметтестік педагогикасы әлі де болса нақты жобаға түсірілмеген, қалыпты орындалу шараларына ие емес, сөйтсе де оның идеялары қазіргі заман технологияларының баршасына енген, Қазақстан Республикасының «Білім Заңы» негізіне алынған. Осыдан, қызметтестік педагогикасын жаңаша педагогикалық ойлаудың жалпы әрі озық технологиялар көзі болған өзекті технологияның ерекше тегі ретінде қарастырған жөн.
Қызметтестік педагогикасы келесідей топтық сипатқа ие:
қолдану денгейі бойынша - жалпы педагогикалық технология;
философиялық негізі бойынша - гуманистік;
дамудың негізгі жағдаяты бойынша - кешенді: биологиялық, әлеуметтік және психогенді;
игеру тұжырымына орай - сабақтас жауап-әрекетті кезеңмен саналылыққа өту;
тұлғалық құрылымдарға бағытталуы бойынша - жан-жақты үйлесімді;
мазмұндық сипаты бойынша - үйретуші, тәрбиелеуші, зайырлы адамгершілікті, жалпы тәлімдік өзектілік;
басқару тегі бойынша - кіші топтар жүйесі;
ұйымдасу формалары бойынша - топтық шектемелі;
балаға қатынас бойынша - ізгілікті — тұлғалық, субъект-субъектті;
әдіс басылымдылығына орай проблемді-ізденісті, шығармашыл, сұхбаттасты, ойындық;
тәрбиеленушілер сипатына байланысты - бұқаралық;
Достарыңызбен бөлісу: |