Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет144/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   226
Баланы қолдау технологиясы. Тұлғалық бағыттағы технология әр баланың даралығына сәйкес тәлім және тәрбие әдістері мен құралдарын табуға әрекеттенеді.

Даралықты қолдау технологиялары шет елдердегі гуманистік психология зерттеулерінде толық ашылып, нақтыланған. К.Роджерс пайымынша, педагогтың негізгі міндеті баланың тұлғалық дамуына көмектесу. Оның пікірінше, педагогика емдеу ісіне (терапия) сәйкес. Ол әрдайым баланың тән-дене және психикалық салауаттылығын тіктеп отыруы тиіс. К.Роджеріс ұсынған талап - мұғалім сыныпта жеке-даралықты даму үшін қажетті жағдай жасауы керек.



Осы талапты орындаудьң келесі шарттарын алға тартады:

  • тәлім үдерісінің барша кезеңінде мұғалім балаға деген өзінің толық сенімін білдіріп баруы қажет;

  • мұғалім бүкіл сынып және әр тәрбиеленуші алдында тұрған мақсат пен міндеттердің қалыптасуы мен нақтылауына жәрдемдесуі тиіс;

  • мұғалім балалардың біліуге деген іштей құмарлығы мен ынтасы болатынын өз ісіне арқау етуі ләзім;

  • мұғалім әрдайым шәкіртіне көмектесуге дайын тұруы және әрқилы тәжірибе үйретудің қайнар көзі болуы тиіс;

  • осы міндетті атқаруға ол тәбиеленушілерді алаламай, қай-қайсысына да жақын болуы өте маңызды;

  • мұғалім өз бойында сыныптың көңіл-күйін тануы және оны қабылдай білу қабілетін дамытып баруы тиіс;

  • мұғалім топтағы ықпал достықтың, әрекеттестіктің белсенді қатысыушысы болмағы міндетті;

  • ол сыныпта өз сезімін ашық та айқын білдіріп барғаны дұрыс;

  • әрбір мектеп түлегінің сезімдері мен толғаныстарын түсінуге қажет бауырмалдық дәрежесіне көтерілуге ұмтылуы қажет.

Академик Е.В.Бондаревская тұлғалық бағыттағы технологиялардың бірнеше маңызды талаптарын ажыратады:

  • сұхбаттастық;

  • іс-әрекеттік шығармашыл сипат;

  • баланың даралықты дамуын қолдау;

  • балаға дербес шешім, шығармашыл әрекет жасауға, тәлім және әрекет-қылық қалыптастыру мазмұны мен әдістерін таңдауға еркін жол ашып беру.

Ғалым пікірінше, тұлғалық бағыттағы мектеп қажет еткен мұғалім, келесі талаптарға сәйкес болуы шарт:

  • балаға, мәдениетке, шығармашылыққа құндылықты қатынас жасау;

  • балалық шақта қамқорлық жасап, жастардың жан дүниелік және тән дүниелік салауаттылығын сақтауға ат салысуы;

  • мәдени-ақпараттық және заттасқан-дамытушы тәлімдік ортаны қалыптастырып әрі байытып баруы;

  • тәлім мазмұнына тұлғалық мағына ендіріп, онымен жұмыс жасауды білу;

  • әрқилы педагогикалық технологияларды меңгеріп, оларды тұлғаның дамуына бағыттау;

  • әрбір баланың дамуына қамқорлық жасап, оның даралығына қолдау көрсету.

Мұғалімнің даралықты қолдау ісін орындаудағы міндетті борышы - табыс жағдайын жасау, өзіндік мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесу, бала беделін ардақтау, ортақ мәселелерді шешуде әр мүмкіндіктің жеке үлесін, маңызын көтере сезіндіру. Мұндай әрекетте қызметтестік педагогикасы аса маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет