Әдістеме ерекшеліктері. Дәстүрлі технология әу бастан әкімшіл-әміршіл педагогика талаптарының шырмауына түсті, оқу-үйретім тәрбиеленушінің көп тарапты сұраныстары мен қажерттерінен сырт айналып, оның ішкі жан дүниесімен байланысын үзді, тұлғаның даралықты шығармашылық қабілеттерінің іс жүзінде көрінуіне жағдайлар жасамады.
Әміршіл-әкімшіл әдістеме сипатының белгілері:
іс-әрекет мезгіл, мерзім, көлем, талап шектеуінде болды, оқу амалдарының мәжбүрлі міндеттілігі басым болды;
бақылаудың жоғары бір орталықтан болуы;
оқу мақсаты, мазмұны және әдістерінің орташа шәкіртке арналуы.
Оқушы (шәкірт емес) беделі - жоқтың қасы, ол оқу-тәрбие ықпалдарының бағыныңқы нысаны, оқушы - «міндетті», оқушы кемеліне жетпеген тіршілік иесі, руханисыз пенде.Тура мағынада «оқытушы»-мәтінді көзбен шолып, дыбыстаушы.
Оқытушы (ұстаз, мұғалім емес) беделі - ол бастық, жалғыз-ақ ынта білдіруге құқылы адам, сот (айтқаны ақ), хат танытып, үйретуші ересек (ата), бағалау, ақпарат тек содан, оған күманданып, қарсылық білдіру - шексіз күнә. Тура мағынада «оқытушы»-мәтінді оқу тапсырмасын беріп өзі қарап тұратын субьект.
Білім игеру әдістерінің негіздері:
дайын білімдерді ұсыну;
үлгі бойынша оқу, оқыту, яғни мәтін шолу, дыбыстау;
индуктив қисынды, тек жалқыдан жалпыға өту;
жаттанды ес;
сөздік-баянды;
қайталап айтып беру.
Дәстүрлі тәлім-тәрбие жүйесіндегі оқу үдерісі шәкірт дербестігінің болмауымен, оку еңбегіне деген ынта - ықыластың кемдігімен сипатталады. Баланың оқу іс-әрекетінің құрамында:
өзінше мақсат қою, міндет белгілері болмауы, оқу мақсаттарын бала алдына тартып отыратын – мұғалімнің өзі;
іс-әрекетті барлау сырттан, бала оны еріксіз, қаламаса да, орындауға міндетті.
Іс-әрекетінің қорытынды талдауы мен бағалауына баланың өзі қатыспайды, оларды атқаратын мұғалім, бөгде ересек.
Осы «солақай» шарттардың есебінен оқу мақсаттарын іске асыру кезеңі «зорлықты», мәжбүрлі еңбекке айналып, салдары болымсыз сапа-қасиеттердің дамуына жол ашты (баланың окуды, мектепті жатсынуы; еріншектік тәрбиелеу, жалғандыққа, келісімпаздыққа дағдыландыру), яғни мектеп тұлғаны адамгершілік сапа-қасиеттерден жұтатты, айырды.
Достарыңызбен бөлісу: |