Авторлық түсіндірме-тәржімә сөздік
Адам - ойлау сөйлеу қабілеті бар, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жұмсап білетін қоғамның саналы мүшесі (человек).
Адамзаттың болмыстық тәжірибесі – тек өкілдерінің игеру мүмкіндіктеріне орайластырылған адамзаттың рухани және заттасқан барша мәлениет қоры элементтерінің жиынтығы (обьективизированный опыт человечества).
Адамның субъекттік тәжірибесі – тек өкілінің жеке тұрмыс-тіршілігінде танып, біліп, топтаған және бұрыннан өзі орындап жүрген амалдары, әрекеттері, іс-әрекеттері тәжірибесі негізінде игерген білімдерінің жиынтығы (субьективный опыт человека)
Амал – оқу-үйретім барысындағы технологиялық іс-әрекеттің қандай да бір не бірнеше элементін орындауға бағытталған лаж (операция).
Анықтама – қарастырылудағы ұғымға байланыстырылып және таңдалған терминімен белгіленеген қасиеттер тобының сипаттамасы (определение).
Әрекет – көзделген жеке мүддеге қол жеткізу үшін субьект тарапынан саналы орындалатын амал не амалдар жиынтығы (действие).
Әрекеттің бағдарлық негізі - әрекет мақсатына қол жеткізу және сол әрекеттің дұрыс орындалуы үшін саналы іріктелген амалдар мүмкіндігін айқындаушы білімдер жиынтығы (ориентировочная основадействия).
Әдіснама – барша ғылымдарға ортақ келетін танымның бастау бағыт-бағдары (методология).
Достарыңызбен бөлісу: |