Басқарымды игерім – тек өкілінің мұғалімнің тікелей не жанама басшылығында іске асатын нақты мақсатқа бағдарланған игерімі (управляемое усвоение).
Бейсана игерім –күнделікті қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер не әрекет-қимылдар үдерісінде субъекттің адамзаттың болмыстық тәжірибе элементтерін ой қатысынсыз, жол-жөнекей игеруі (спонтанное усвоение).
Белсенділік субъекті – қандайда іс-әрекет орындауда жоғары ынталылық пен ұмтылыс байқатушы тек өкілі (субьект ативности) .
Болмыстық күйге келтіру –субьекттік тәжірибе нәтижесін өзге адамдардың саналы қабылдауына икемдестіру (объективизация)
Білім – тек өкілінің тілегімен өз хабарламасы не әрекетінде жасалып қолданылатын игерілген не танымдық сөздік, бейнелік, рәміздік немесе амал-әрекеттік мәліметтері. Оқу-үйретім барысында обьектив мәліметтер тек өкілінің субьектив білім, ептілік, дағдылар қорына өтеді (знание.)
Дәріс – оқу-үйретім не тәрбие материалына арналып, өткізілетін әрқандай педагогикалық үдеріс элементі (занятие).
Даму – тіршілік иелерінің өздеріне жаңалықты келген белсендік амалдарын іске асыруға жәрдемдесетін сандық және сапалық психика және ағза өзгерістері, тек өкілінің ақыл-есі мен тән-дене жетілуі және оның бойында соны қабілеттер мен психикалық, құрылымдардың қалыптасуы (развитие).
Даралық – нақты адамның келбеті, ден саулығы, дамуы, әрекет-қылығы, мінезі, білімі, қандай да іс-әрекет түрлерін игеруі, психикалық және әлеуметтік сапаларының қайталанбас ерекшеліктері жиынтығы (индивидуальность).