Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет194/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   226
Басқарымды игерім – тек өкілінің мұғалімнің тікелей не жанама басшылығында іске асатын нақты мақсатқа бағдарланған игерімі (управляемое усвоение).

Бейсана игерім – күнделікті қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер не әрекет-қимылдар үдерісінде субъекттің адамзаттың болмыстық тәжірибе элементтерін ой қатысынсыз, жол-жөнекей игеруі (спонтанное усвоение).

Белсенділік субъекті – қандайда іс-әрекет орындауда жоғары ынталылық пен ұмтылыс байқатушы тек өкілі (субьект ативности) .

Болмыстық күйге келтіру – субьекттік тәжірибе нәтижесін өзге адамдардың саналы қабылдауына икемдестіру (объективизация)

Білім – тек өкілінің тілегімен өз хабарламасы не әрекетінде жасалып қолданылатын игерілген не танымдық сөздік, бейнелік, рәміздік немесе амал-әрекеттік мәліметтері. Оқу-үйретім барысында обьектив мәліметтер тек өкілінің субьектив білім, ептілік, дағдылар қорына өтеді (знание.)

Дәріс – оқу-үйретім не тәрбие материалына арналып, өткізілетін әрқандай педагогикалық үдеріс элементі (занятие).

Даму – тіршілік иелерінің өздеріне жаңалықты келген белсендік амалдарын іске асыруға жәрдемдесетін сандық және сапалық психика және ағза өзгерістері, тек өкілінің ақыл-есі мен тән-дене жетілуі және оның бойында соны қабілеттер мен психикалық, құрылымдардың қалыптасуы (развитие).

Даралық – нақты адамның келбеті, ден саулығы, дамуы, әрекет-қылығы, мінезі, білімі, қандай да іс-әрекет түрлерін игеруі, психикалық және әлеуметтік сапаларының қайталанбас ерекшеліктері жиынтығы (индивидуальность).

Дағды – тұрақты сана қадағалауын талап етпейтін автоматты орындау амалдары (навык).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет