Дидактикалық міндет – оқу-үйретім субъектінің сабақ соңында пайда болуы қажет нақты дәрісте көрініп, қандай да нәтиже түрінде өрнектелетін оқу-үйретілім мақсаты (дидактическая задача).
Ерік – адамның өз іс-әрекеті мен әрқилы психикалық үдерістерін өзбетінше ырыққа көндіруі мен реттеуіне бағытталған қасиеті (воля).
Еліктеу - өзге адамдардың белсенділік ерекшеліктерін өз белсенділігіне бейсаналы не саналы көшіре, қосып алу (подражание).
Ептілік –тек өкіліне құрамдас әрекет не іс-әрекетті саналы және қажетті сапа деңгейінде орындауға мүмкіндік беретін игерім дәрежесі (умение).
Жаттығу- шәкірт жаңа материалды жақсы түсіну үшін жүргізілетін оқу-үйретім үдерісіндегі әдіс (упражнение).
Зиялылық – озат әлеуметтік ниеттерге сай келетін, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығын іске асыратын, шын мәніндегі мәдениетті бойына сіңірген адамды танып, ажырата алатын тұлға сапалаларының жиынтығы (интеллигентность).