Тұлға – жауакершіл субъект, әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылатын нақты адам (личность).
Тәлім – ниетті қоғамдық тіршілік аймағында табысты іс-әрекет атқару үшін қажетті субъект тарапынан арнайы іріктелген, тек өкілінің ақыл, адамгершілік, тән-дене дамуының белгелі деңгейі ретінде қоғам мойындаған және сол салалардағы оның белсенділік дайыдығына керекті адамзаттық болмыстың тәжірибесі элементтерінің субъект бойына сіңу нәтижесі (образование).
Тәлімдік үдерістер – тек өкілінің таңдаған тәліміне қол жетуін қамтамасыз етуші үдерістер мен әректтер (образовательные процессы).
Таным –субьеттің өз болмыстық тәжірибесіне сәйкес келетін жаңа мәліметтерге қол жеткізу үдерісі (познание).
Тәсіл – амалдарды орындау жолы (прием).
Тек өкілінің бірлікті тәжірибесі - тек өкілі жинақтаған субъектив тәжірибенің игерілген (адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтері) мәліметтеріиен бірігуі (совокупный опыт индивида).