Педагогикалық жеке-дараландыру – нақты адамның бойындағы сапа-қасиеттер ерекшеліктеріне және оның әлеуметтік жетістіктері деңгейіне орай оған арналған тәлім мен тәрбиені арнайы жүйеге келтіріп, іске асыру (педагогическая индивидуализация).
Руханилық – қара бастың мүддесіне емес, негізінен ішкі наным-сенімдердің ықпалымен туындайтын адамның ақиқатқа, қайырымдылыққа және үйлесімге болған ұмтылыс сипаты (духовность).
Сабақ – мектеп жүйесінде белгілі бір ғылым саласының негізінде өткізетін оқу-үйретім сағаты және пән (урок).
Сеп-түркі – қандай да әрекет не қылыққа негіз болар, мәжбүрлеуші, көбіне кездейсоқ, ықпал (мотив).
Себеп – қандай да бір нәрсеге заңдылықты негіз беріп, екінші бір құбылысты туындатушы дәлелді уәж, дәйек, жағдай, оқиға (причина).
Салдарлар – негізгі, бағдарлаушы не қамсыздандырушы пікірден туындайтын немесе оны нақтылаушы жаңа нәтиже – пайымдар (следствия).
Тәрбие – ниетті тәлім шеңберінде наным-сенім жүйесін, адамгершілік қалып және тұлғалық сапаларды жетілдіруге бағытталған тәлімгерлік мекеме қызметкерлерінің арнайы ісі (воспитание).
Тілек – іс-әрекет нысанымен байланысты келген көңіл күймен ұштасқан сеп-түрткі (желание).
Достарыңызбен бөлісу: |