Оқу-үйретім мазмұны - мұғалім ұсынған мәселелердің нақты сабақта шешілуі (болмыстық тәжірибе мазмұнынының белгілі бөлігінің оқу-үйренім субьекті тарапынан игерілуі) үшін мұғалім және оқу-үйретім тобы (оқу-үйренім субькеті) орындайты әрекеттер жиынтығы (содержание обучения).
Ортақтасу – араларында ақпарат алмасуды көздеген екі не одан көп адамдардың әрекеттестігі, әдетте ортақтасу адамдардың тұрмыс-тіршіліктік бірлікті әрекеттеріне (оқу-үйренім, еңбек, ұжымдық ойын) енген (общение).
Өзіндік игерім – субьекттің өзі таңдаған адамзаттық болмыстың тәжірибесі элементтерін мақсатты бағдарда меңгеру әрекеті (самостоятельное усвоение).
Педагогикалық әдіснама –даму желісіндегі қоғамда үздіксіз жүріп жататын педагогикалық болмысты шынайылылықпен бейнелеуші тәлім және тәрбие теориясы мен құрылымын қалаудың негіздері, педагогикалық үдерістерді зерттеудің, деректемелер топтаудың бағыт-бағдары жөніндегі ғылым саласы (методология педагогики).