Тұлға кемелденуі – тек өкілінің өз бойында ең алдымен саналы және қоғамдық мәнді құндылықтар жүйесінің қалыптасуына ықпал жасаушы іс-әрекеттер мен қатынастарға араласудың әлеуметтік тәжірибесін жинақтау үдерісі (становление личности).
Тәлім мазмұны – игерілуі тек өкілінің таңдаған қоғамдық пайдалы қызметіндегі табысты іс-әрекеті үшін қажетті, әдейі іріктелген әрі қоғам не мемлекет тарапынан танылған адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтерінен құралған жүйе (содержание образования).
Теория - өзара байлангсты пікірлер жүйесі. Теория өз ішіне сипаттау және болжастыру құрал-жабдықтарын, заңдар өрнектерін, бірегей құбылыстар мен тәжірибе-сезімдік тәуелділіктер түсініктемелерін қамтиды (теория).
Термин – белгілі бір ғылым мен техника, өнер саласындағы нақтылы ұғымды білдіретін атау сөз не сөз тіркесі (термин).
Ұғым – нақты заттар мен құбылыстарды олармен шектес дүние элементтерінен ажыратып алуға мүмкіндік беретін алпы белгілерінен түзілген ой-өрнегі (понятие).
Үйретім – машықтану барысында игерілуі тиіс амалдарды көп мәрте қайталау арқасында немесе орындауды талап ететін жағдайларды қайталай түзе отырып, жаңа дағдылық әрекеттерді қалыптастыру (научение).
Достарыңызбен бөлісу: |