Латентті игерім – адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтерінің субъект тарапынан бейсаналы жасырын игерілуі (латентное усвоение).
Мақсат – адам белсенділігі нәтижесінің күні ілгері санада өрнектелген бейнесі (цель).
Машықтану – қалыпты дағды, үйреншікті әдет орнықтыруға арналған әрекеттер жүйесі (тренировка).
Меңгеру, үйреніп алу – адамзаттың болмыстық тәжірибесінің қимылы не іс-әрекетітік элементтерін игеру нәтижесі (освоение).
Мәліметтер - өзге адамдар үшін де түсінікті нысандар не заңдылықтар, тұрмыс-тіршілік не шығармашыл іс-әрекеттері тәсілдері, бағалаудың этикалық не басқа да жолдары жөніндегі ақпараттарды қамтыған болмыстық тәжірибенің сөздік, бейнелік немесе өзге де түрдегі элементтер; барша таным түрлерінің шынайы болмыстық нәтижесі, адамзаттың болмыстық тәжірибесі элементтері (сведения).
Ниет – көзделген нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жоспарлы бағдарламаға сәйкес әрекетті бастау және аяқтауға болған саналы ұмтылыс (намерение).
Наным –шешім шығару не баға белгілеу үшін субъект тарапынан ресми өлшем (эталон) ретінде қабылданған білім-қағида не үлгі әрекет амалы (убеждение).
Оқу-үйретім –мұғалім іріктеген не пән бағдарламасында негізделген адамзаттың болмыстық тәжірибесін балаларға игертуге арналған ұстаз және тәрбие субъектінің бірлікті іс-әрекеті (не құрамдас әрекеттері) (обучение).