Игерім деңгейі – оқу-үйретім пәні мазмұнының кезкелген элементінің игерілуіне қойылатын бір міәнді түсінікке ие көрсетпе (уровень усвоения).
Игерім – тек өкілінің тарихи өрнектеліп, қоғам қалыптастырған қабілеттері, әрекет-қылық тәсілдері, білімдер, ептіліктер мен дағдыларды меңгеру және оларды жеке адамның дара әрекеті белсенділігі формасына ауыстыруы (усвоение).
Игерім түрлері – тек өкілінің адамзаттаың болмыстық тәжірибесін қабылдап, меңгеруінің әрқилы мүмкіндіктері (виды усвоения).
Игерім бірлігі – қазақ тілінің 20-ға шамалас сөзін қамтыған бітімі бар анықтама, пікір не сипаттама (единица усвоения).
Игерім нысаны, игерілуші ақпараттар – нақты дәрісте оқу-үйретім субъекттерінің меңгеруі үшін мұғалім тарапынан дайындалған болмыстық тәжірибенің бір бөлігі (объект изучения, изучаемые сведения).
Құмарлық – кездейсоқ ізденіс үдерісінде бейсана қажеттігі қанағаттандыру үшін орныққан қалыпты не кезіккен жағдайды өзгертуге деген тек өкілінің бейсана ұмтылысы (влечение).
Кемел - әбден толып жетілген, өскен, ержеткен.Асқан шебер, жетік алғыр (совершенство).
Көрнекілік – нақты сабақта игерілуі тиіс нысан бөліктерінің ағза мүшелері (көру, сезу ж.т.б) қабылдауына арналған оқу-үйретім материалдарын дидактикалық дайындау, өңдеу нәтижесі (наглядность).
Достарыңызбен бөлісу: |