16.6.Гуманистік (тұлғалық) парадигма.
Технократиялық және бихевиористік парадигмалардан әлденеше жылдар бұрын гуманистік парадигма қалана бастады.Ол өз назарының басты нысаны ретінде шәкірттің даму желісін, оның ақыл-зерделік қажеттері мен тұлғааралық қатынастарын таңдады.Бұл тәрбие үдерісінің өзегі-балаға болған адами-инабатты қатынас, оның тұлғалық өсіп жетілуіне жәрдем, әрине, бұлармен бір қатар оны өмірге дайындау, тіршілікке икемдестіру т.б да естен шығарылмайды. Сонымен, дамыту мен өзіндік даму, өз мүмкіндерін өзіндік паш ету, шәкірт шығармашылдығы, жасампаздық, субьективтік тәлім тұғырында жатқан басты міндеттер.Бұлар, әлбетте, басқа парадигмалар астарына салынған субьект-обьектті қатынастардан мүлде өзгеше.Тұлғалық парадимада жоғары деңгейлі мән қызметтестік қатынас құрудың құралы әріптемес байланыстарға аударылады.
Шәкірттің даму категориясы.Даму мәні неде? –сапалық қалыптың өзгеріске келуі, жаңа қабілеттердің пайда болуы.Тәлімде ең алдымен ескерілетін құбылыс-бұл баланың ақыл-зерделік (интеллектуал) дамуы.
Даму-бұл алға тартылған міндеттерді орындауда шәкірттің жоғары белсенділік пен дербестік деңгейіне көтерілуі.Танымал психолог Л.С.Выготскийдің пікірінше, даму шәкірт оқу-үйретімі мен тәрбиесінде көрсетілетін жәрдем шамасымен анықталады.
Л.С.Выготский анықтамасына орай, көкейкесті даму аймағы аймағы-баланың тек ересек жәрдемімен пайдаболатын білімдері, ептіліктері мен дағдылары.
Даму түрлері:
-жалпы (әмбебаб және тән де қабілеттері);
-арнайы (қабілеттер және дарындылықпен байланыстылары);
-мәдени (мәдени-әлеуметтік құндылықтарды тану және пайдалану);
Дамудың ең жоғары деңгейі-өзіндік даму.
Білімді қажетті құрылымға келтірудің негізгі жолы-тәлімге деген мәдени-танымдық бағыт.Ол оқу-үйретім пәндерінің бірігімі, дәуір мен мәдениеттің біртұтас бейнесін жасай білу, мәдениет пен өркениет ара қатынасын түсіну, мәдениет қалыптастырудағы әрқандай білім саласының мәні мен маңызының қажеттігін ұғу және т.б.
Әзіргі кезеңге сәйкес мойындайтын жағдай-жоғары тәлімді психологтардың, әлеуметтанушылардың, бастауыш мектеп мұғлімдерінің жетіспеуі.Осыдан, тәлімді гуманитаризациялау ісі әліде болса, өз деңгейінде жүргізілмей жатыр.
1993-жылы Азов қаласында өткен “Адам құқықтары” атты халықаралық семинарда мектепте үйретілетін “Адам және қоғам” пәні жөнінде әңгіме көтерілді.Италия, Англиядан келген профессорлар бұл пәнді барша мектептер мен ЖОО-ларда гуманистік (тұлғалық) парадигманы іске асыру үшін енгізу қажеттігін ұсынды.Бұл пән үздіксіз игерілуі тиіс:
бастауыш мектепте-адам құқықтары жөнінде әңгіме-сұхбат;
жасөспірімдер үшін-“Азаматтану” пәні;
жоғары сынып шәкірттері үшін-“Адам құқықтары және демократия негіздері” пәні;
Батыс елдері ғалымдарының пайымынша, мектеп құқықтық қоғамның
нобайы (моделі) болуы тиіс, бірақ әкімшіл-әміршіл кеңестік дәуір үлгісін сақтаған мектепте оны іске асыру біраз қиыншылықты.
Тәлімнің гуманистік парадигмасын іске асыру жағдайларында басты қадам-әрбір адамның ақиқатты, яғни таным даңғылын таба білуі.Сондықтан, бұл парадигманың іштей мәнге сәйкес ұраны: “Таным-бұл күш-қуат!” Педагогикалық үдеріс екеуара не көпара (диалог не полилог) әңгіме-сұхбат принципіне негізделуі, суырыпсалма ділмарлыққа (импровизация) бай болмағы лазым.Бұл ортада қалыпты, сыңаржақ ақиқат болмайды, сондықтан, ортақтасу нәтижесі рухани құндылықтар алмасуы “Ия-ия” мәнімен анықталады.
Гуманистік үлгінің негізгі ұстанымдарының бірі-бала мен ересектің құндылықты-мәндік теңдігі.Алайда, мұндағы теңдік білімдер мен тәжірибенің бірдейлігі не өзара теңдей құндылығында емес, әрбір қатынас мүшелерінің дүниені тануға деген шектеусіз мүмкіндіктерге құқылы болуында.Осы жағдайды жол-жоба етіп ұстанған ұлы педагог Я.А.Коменский “Баршаны баршаға үйрету” деп тектен-тек ұрандамаған.Мектептегі педагогикалық қызметтің сапалық өлшем бастауы-Адам және оның уақыт және кеңістіктегі өзіне өзі бағыттаған ұнамды қозғалыс әрекеті
Гуманистік парадигма “субьект-субьект” өрнегіне сай қатынастарды қалыптастырады.Ұстаз бен шәкірт бірлікті іс-әрекет мақсаттарын, мазмұнын нақтылайды, өзара қызметтестік пен жұптасқан шығармашыл ізденіске кірісумен оқу-үйретім формасы мен бағалау өлшемдерін таңдайды.Педагогикалық ықпал “нысанының” қалпындағы нақтамалық өзгерістер іріктеу, таңдастыру мен тәлімдік ажырата бөлшектеу құралы бола алмайды.Төмен үлгерім көрсеткіштері адам сапасы жөнінде пікір айтуға негіз бермейді, олар тек кәсіби жұмыстың болашағы мен мүмкіндіктерін бағалаудың алғашқы деңгейі қызметін атқарады.Бағалау өлшемдері аймағы енді тұлғалардың қатынастар кеңістігіне өтеді.
Гуманистік парадигмада адамға, балаға деген мейір-махаббат кәсібиліктің басты нышаны, осыдан да педагогикалық өркениеттен орындалған әдебиеттердің авторлары “Баланы қалайша түсініп, сүйу қажет?” сұрағына ежелден жауып іздестіруде.
Мейір-махаббат әрбір адамның шығармашыл қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенім ұялатады, ал шыдамдылық (телеранттық) педагог даналығына кепілдік береді.Бұған мысал-И.Г.Песталоцци, Я.Корчак, К.Н.Вентцель, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили және т.б өмірі мен педагогикалық қызметі.
Гуманистік парадигма өкілдеріне тән қасиет-педагогикалық көзқарас, пікірлерінің әрқилылығы.Осы үлгі шеңберінде саналуан тәлім жобалары бірлікті жасап, іске асырылуды.Бұлардың бәрінің басын бір тұтастыққа келтіруші күш-адам өмірінің бірегей кезеңі ретінде қабылданған бала мен балалық шаққа деген құндылықты қатынас және тәлім дамуын мектептің басты міндеті болатынын басшылыққа алу.
Гуманистік парадигма аймағында іске асырылып жатқан әрбір тәлімдік жүйе шығармашыл ізденіске түсіп, өзіндік оқу-үйретім мен тәрбие мазмұнын, әдістерін, құрал-жабдықтарын табуда.Тұлғалық бағыт шәкірттің де, ұстаздың да еркіндігі мен шығармашылдығын арқау етеді.
Қазақстан Республикасының тәлімдік кеңістігіне 1991-жылдан бастап министірліктің бұйрығымен емес, жер-жердегі мұғалімдердің ынта-ықласы арқасында енді.Біздің ел үшін бұл өте көкейкесті, себебі-аталмыш парадигма мәдениет, тәлім және табиғаттың бірегей туындысы-адамды ардақтайды.
Қоғамда әрбір адамның өзіне сай өзіндік бағамы қалыптаспағанша, Қорқыт, Әл-фараби, Ясауи, Абай, Шәкәрім және т.б сомдаған қазақтың гуманистік философиясы мен демократиялық қоғам құндылықтарын игермегенше, бұл парадигма біз үшін уақытша құбылыс болып қала бермек.Ерте ме, кеш пе Қазақстан мектебі өз түлектерінің жоғары ақыл-зерделік мүмкіндіктерін қамсыздандырушы білімдік парадигмаға қайта оралу ықтималдығы баршылық.Дегенмен, шындық біреу: уақытшадан тұрақты еш нәрсе болуы мүмкін емес! Осы пікірге жүгінетін болсақ, гуманистік парадигма біздің қызметіміз үшін әлі де талай он жылдықтар қызмет етуі заңдылықты педагогикалық құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |