Ерік күші аймағына ықпал жасау әдістерібалаларда ынта-ықылас, өз мүмкіндіктеріне сенім пайда етеді, көздеген мақсаттарына жету жолындағы кедергі, қиыншыларды жеңуге көмектеседі; ұстамдылыққа (шыдамдылыққа, сабырлылыққа) үйретеді; дербес әрекет-қылық дағдыларын жетілдіріп баруға жәрдем береді. Ерік күші аймағының қалыптасуында талап қою және жаттығу әдістерінің маңызы орасан. Талаптар қою арқылы адамның өзіндік тәрбие үдерісіне ықпал жасауға болады, ал мұның салдары - жаттығу, яғни қажетті әрекеттерді көп мәрте қайталаумен автоматты орындау қалпына жеткізу. Жаттығулар нәтижесі - тұлғаның тұрақты сапа қасиеттері. Ал мұндай сапаларды қалыптастыру үшін жаттығуларды мүмкін болғанша ерте шақтан бастау қажет, себебі ағза неғұрылым жас болса, оған қондырылатын әдеттер тез орнығады. Белгілі талаптарға әдеттенген адам өз сезімдерін ұқыпты тізгіндей алады, ниеттеріне теперіш береді, ал егер олар қандай да міндеттерді орындауда кедергілік етсе, өз әрекетіне бақылау салып, басқалар көзқарасымен орында бағасын беріп отырады. Ұстамдылық, өзіндік қадағалау, ұқыптылық, тәртіп, қарым-қатынас (сөйлесу) мәдениеті - бәрі де тәрбие арқылы қалыптасқан әдеттерге негізделетін сапалар.