2) Мұғалімнің өзіндік ұйымдастыру ерекшеліктері:
сабаққа дайындығы (психологиялық мақсатты сезіну және оны іске асыруға іштей дайындық);
сабақ басындағы және барысындағы жұмыс қабілеті (жинақылығы, сабақ мақсаты мен тақырыбына орай көңіл-күйі, шабыты, мақсатқа жетудегі табандылығы, сабақтағы жағдайлардың бәрін көтеріңкі көңілмен қабылдап, күйзеліске берілмеу, педагогикалық тапқырлық және т.б);
сабақтағы психологиялық жай -күй (қуаныш, шынайы қарым-қатынас, іскерлік байланыс және т.б.);
8.3. Шәкірттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
1) Сабақтағы өнімді ой жұмысы мен қиялдау жағдайларын қамтамасыз ету шараларын жоспарлау:
сендіру, иландыру формасындағы ұстанымдарды пайдалану;
игерілуі тиіс нысандар мен құбылыстарды қабылдап, оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;
тұрақты зейін мен зейін шоғырлануына қажет жағдайлар жасау;
жаңа материалды қабылдауға қажет өткенді игеріп, есте сақтаған білімдері мен ептіліктерін қайта жаңғыртуға арналған әрқилы жұмыс түрлерін қолдану (әңгіме-сұхбат, жеке сауалнама қайталау жаттығулары);
2) Жаңа білімдер мен ептіліктер қалыптастыру үдерісінде шәкірттекрдің ойлау және қиялдау іс-әрекеттерін ұйымдастыру:
балалардың білім, ептіліктерінің қалыптасу деңгейін (нақты сезімдік, ұғымдық, жалпы бейнелік, қорыту «жаңалықтары») анықтау;
ойлау әрекеттері мен қиялдауды ұйымдастыруда елес-ұғым, түсіну деңгейін қалыптастыру мен жаңа бейнелер жасаудың психологиялық заңдылықтарын арқау ету;
белсенділік пен дербес ойлауды қамтамасыз етуші тәсілдер мен жұмыс формаларын жоспарлау (сауалнама түзу, проблемді жағдайлар жасау, міндеттерді шешудің әрқилы проблемді-эвристикалық деңгейлерін қолдану, кемісті не сиыспайтын деректерге негізделген мәселелерді шешу, сабақтағы ізденіс-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өзіндік жұмыстарға байланысты шешімді, бірақ ақыл-ой қиындығы бар жұмыстар түзу, танымдық дербестік дамыту мақсатында тапсырмаларды күрделендіру);
түсінім деңгейін көтеруге басшылық (сипаттама, салыстырма, түсіндірме, жұмыстарды қорыту, бағалау және мәселелі тапсырмаларға өту) жасай отырып, ой толғастыру мен тоқтамды пікір айту ептіліктерін қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |