Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор


Әдіс – мазмұнның сырттай формасы емес, оның жаны және түсінімі (Г.Гегель). Әдіснама



бет18/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   226
Әдісмазмұнның сырттай формасы емес, оның жаны және түсінімі (Г.Гегель). Әдіснама – педагогикалық құбылыстарды, әлеуметтену заңдылықтарын, оқу-үйретім және тәрбие заңдылықтарын тану жөніндегі ғылым (И.Я.Лернер).
2.3. Дәстүрлі педагогика әдістері
Дәстүрлі әдістер қатарына педагогика ғылымының бастауында тұрған әрі ежелгі зерттеушілерден бізге дейін жеткен мұраны жатқызу қабылданған. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер, осы әдістер біздің дәуірімізге дейін жетіп, ғылым қызметіне жарап жатыр. Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдістер тобына кіретіндері: бақылау, тәжірибе мсн дерек көздерді зерттеу, мектеп құжаттарын талдау, шәкірт шығармашылығымен танысу, әңгіме - сүхбат.

Бақылау – педагогикалық тәжірибені зерттеудің аса қолайлы да оңай, көп тараған әдісі. Ғылыми бақылау – бұл зерттелуші нысанды, үдерісті немесе кұбылысты табиғи жағдайда арнайы ұйымдастырып, қабылдау. Ғылыми бакылаудың күнделікті өзіміз қолданып жүрген тұрмыстық бақлауымыздан ерекшелігі айтарлықтай. Олар: 1) міндеттері белгіленеді, нысандары ажыралады, бақылау сұлбалары түзіледі; 2) нәтижелері міндетті түрде хатталады; 3) қолға түскен деректер өңделеді.

Бақылу тиімділігін көтерудің жолы - оны ұзақ уақыт, жүйелі, жан -жақты, шынайы және ауқымды жүргізу. Бақылау әдісінің маңыздылығын, қолайлылығын, және таралымдылығын атай отырып, оның кемшіліктерін де көрсеткен орынды. Ондай кемшіліктер: 1) педагогиаклық құбылыстардың ішкі мазмұнын аша алмайды; 2) ақпараттың толық шынайлылығын қамтамасыз етпейді. Осыдан бакылау көбіне зерттеулердің бастапқы кезеңдерінде басқа әдістермен бірге қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет