Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»


Дәріс Етістіктің грамматикалық категориялары



бет44/80
Дата16.02.2022
өлшемі290,73 Kb.
#131958
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Байланысты:
морфология дәрістер

Дәріс
Етістіктің грамматикалық категориялары
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Салт және сабақты етістіктер. Сабақты етістіктің салтқа, салт етістіктің сабақтыға айналу жолдары. Етіс категориясы, оған тән сипаттар. Етіс категориясының грамматикалық форма тудыруға қатысы. Етістердің түрлері: негізгі етіс, ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс. Болымды және болымсыздық категориясы.
Дәріс жоспары:
1. Етістіктің грамматикалық категориялары.
2. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
а ) Салт-сабақты етістік категориясы.
ә) Болымды-болымсыз етістік категориясы.
б ) Етіс категориясы.
в ) Күшейтпелі етістік.
г ) Амалдың өту сипаты категориясы.
Дәріс мақсаты: Студенттерде етістіктің лексика-граммматикалық категориялары жайлы теориялық түсінік қалыптастыру және олардың түрлерін ажыратуға машықтандыру.
Қазақ тілінде сөз таптарының бірі болып табылатын етістік өзіне тән белгілі бір мағына білдіре алатын, бірақ қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұрады.
Тілімізде етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда кездесетін пікір-таластар көп. Мәселен: А.Ысқақов етістіктің грамматикалық категорияларына:1) қимыл атау категориясы, 2) салттылық және сабақты категория,3)етіс категориясы,4)болымдылық және болымсыздық категория, 5) амалдың өту сипаты категориясы, 6) есімшелер категориясы, 7) көсемшелер категориясы, 8) рай категориясы, 9) шақ категориясы, 10) жіктік, көптік жалғауының шаққа қатынасы ( Қ.Қ.Т. 286-287б).
Педучилищеге арналған оқулықта Ғ.Әбуханов етістікті лексика –семантикалық категориялар (көсемше,есімше, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістіктер) және грамматикалық категориялар (рай, шақ) деп екіге бөлген(Қ.Т. 175-181 б). Ы.Маманов етістік атаулыны негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөлген. Одан кейін негізгі етістікті түбір етістіктер және модификациялы етістіктер деп бөліп, модификациялық етістікке етістіктің салт және сабақты, етіс, күшейтпелі етістік, күрделі етістік, сыпат, болымсыздық етістік категорияларын енгізген. Сонымен қатар ғалым етістіктің берілу тәртібін көрсетеді : бірінші орында түбір етістіктер,екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялы етістіктер, төртінші орында рай, шақ категориялары (И.М. Қ.Қ.Т. 3-5 б).
Етістіктің грамматикалық категорияларының жіктелуінде елеулі ерекшеліктер бар : 1-ден, ол –етістік түбірінің бір жағынан грамматикалық сипатын өзгертпей, екінші жағынан түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс енгізіп, басқаша грамматикалық мағына немесе жаңа мән үстейтін тұлғалар. Олар етістіктің басқа тұлғаларынан түбірге бұрын жалғанады. Ы Мамановтың оларды модификациялы етістік деп ерекше бөлуі тегін емес. Етістіктің бұл түрлеріне лексика-семантикалық, грамматикалық сипат та тән. Оларға салт-сабақты етістік категориясы, етіс категориясы, күшейтпелі етістік категориясы жатады.
Бұл категорияның бұл түрінде тұрған етістік тұлғасының түбір етістіктен грамматикалық сипаты жағынан өзгешелігі, айырмашылығы болмайды.
1) Бұйрық райдың екінші жақ анайы түрімен сәйкес, ұқсас келеді, яғни омоформалық сипатта болады.
2) Сол күйінде қолданылмайды, яғни басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды
3) Тікелей жіктелмейді, тек рай,шақ тұлғаларын үстеп барып қана жіктеледі.
Сөйтіп, етістіктің грамматикалық категорияларын лексика –грамматикалық (салт-сабақты етістік, етіс, күшейтпелі етістік немесе көрініс, болымсыз етістік) категориялары және таза грамматикалық (рай,шақ, жақ) категориялары деп қарау керек дейді профессор С.Исаев. Бірақ бұлардың ішіне есімше, көсемше, тұйық етістік немесе қимыл атауы енбеген. С.Исаев бұларды етістіктің ерекше бір түрлері деп қарастырады. Ал басқа еңбектерде бұларды категориялар деп қарастырады.
Етістіктің сабақты-салттылық категориялары
Сөйлеу тілінде табыс септікті сөзді, тура толықтауышты керек ететін семантикасы бар етістіктер сабақты етістік деп аталады. Етістіктердің ішінде кімді?, нені?- деген сұрақтарға жауап күтпейтін, табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ жұмсала беретін етістіктер салт етістіктер деп аталады.
Салт –сабақты етістіктердің семантикалық сипатының басым болу қасиетіне қарап, кейбір зерттеушілер, біріншіден, салт етістікті сабақты етістікке және сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қосымшаларды сөзжасам қосымшалары деп, екіншіден салттылық-сабақтылық белгіні етістіктің полисемиялық немесе омонимиялық сипатын ажырататын критерий етіп ұсынады.
«Салт және сабақты етістіктердің бір-біріне ауысуы етіс формаларымен ұштасып жатады. Яғни өздік және ырықсыз етіс жұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын морфема болса, өзгелік етіс жұрнағы салт етістікті сабақты етістікке айналдыратын морфема болып табылады» - деп санаған Ы.Маманов.
С.Исаев етіс тұлғалары белгілі дәрежеде салт я сабақты етістік тудыру қызметін атқарса да, олардың грамматикалық тұлғалар жүйесі, категориялық көрсеткіші бола алмайды деп тұжырымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет