183-жаттығу. 3ші жақ тәуелдік жалғауда онымен омоним сын есім мен етістіктің жұрнақтарын тауып, айырмасын түсіндіріңіз. 1.Хатымды қайта-қайта, екі үш рет оқыды. 2. Ұстаз бізге кемі он жаттығу деп ескертті. 3. Шешесі аузына қақпақ болды. 4. Бәрі де қыстық киімдерін шығарып, буынып отыр екен. 5. Қазақы жолдың қайсысына болса да, салғыласарым жоқ,- деді. 6. Жә жетер енді, бізде ойымызды айтайық.
184-жаттығу. Тексттен тәуелдік жалғауын тауып, тәуелді жалғаулы сөзінің қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңіз. 1.Шынымды айтсам мен әжемді сағындым. 2. Ержанмен көңіліміз қалысқан емес еді. 3. Айжанның жоғарғы білімі жоқ деп ойламаппын. 4. Бүлдіріп болған соң, ыбыр-сыбырымызды білдірмедік. 5. Менің есімнен кетер емес сол бір шақтар. 6. Жаннұр осы күнге дейін қолыңда өсіп келіп едім ғой.
185-жаттығу. Текстті көшіріп, тәуелдік жалғауын бір, жіктік жалғауының астын екі сызықпен сызыңыз. Тәуелдік жалғаудың жіктік жалғаудан айырмасын түсіндіріңіз. 1.Рақымды қуып жетуге ағама әде еткен болатынмын. 2. Үлкен қызымды жан жолдасыма қосып жібердім, үйге апарвп салсын деп. 3. Жарысты жеңіспен аяқтап, тезірек үйімізге қацтқымыз келіп тұр. 4. Алдымызда тосын жайттар күтіп тұрды. 5. Ботам, көзімнің қарашығы өзіңсің. 6. Өзім қазір сенің қасыңда болсам, арманым асқақтайтындай көрінеді. 7. Әрбір түсіміздің өңімізде жалғасын табардай.
Көптік жалғау Көптік жалғауы - көптік мағына беретін қосымша. Ол көбінесе зат есімге, есімдіктерге жалғанады. Мысалы: кітаптар, қағаздар, гүлдер, балалар, біздер, сендер, осылар, мыналар, әркімдер. Кісі аттарына және туыстық қатысты білдіретін тәуелдеулі жалпы есімге жалғанған көптік жалғауы жинактау мағынасын береді. Мысалы: Абайлар келді; Ермектер жиналысқа кетті; Апамдар үйде отыр. Жездемдер ертең келетін болды. Қөптік жалғауы сын есімге, есімшелерге жалғанғанда, олар заттық мағынада жұмсалады. Мысалы: үлкендер, жақсылар, ақтар, қызылдар, кеткендер, өтетіндер.
Көптік жалғауы сан есімге, кейбір үстеулерге жалғанғанда, болжалдық мағына береді. Мысалы: алтылар, бестер, ондар, қырықтар, бүгіндері, ертеңдері т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |