202-жаттығу. Қара әріппен терілген сөздерді ауыстыруға келетін басқа септік жалғауымен жақшаның ішіне үлгі бойынша жазыңыз. 1. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. 2. Рас, ерекше жалқаулық, бейнетсіздікте күн кешетін жандар да қыр тұрмысында көп кездеседі. 3. Апаммен ауылда көрісе алмай кеттім. 4. Әкем жол жүрер алдында ағама бір өтініш айтып, қымызын ішіп күлімсіреп кетті.
Жалғаулардың орналасу тәртібі Қазақ тіліндегі 4 түрлі жалғау сөзге белгілі тәртіп мен орналасып жалғанады . Мысалы : Қаланың жақын аудан - дар - ы - нан -быз . Көптік, тәуелдік, септік жалғаулары бір сөзде бірі нен кейін бірі жалғана береді. Мысалы: табыстар –ымыз
-ға , еңбек - теріңіз - ді . Мұндайда алдымен көптік , онан соң тәуелдік , сөздің соңында септік жалғаулары қолда нылады . Тәуелдік жалғаудың көптік жалғаудан бұрын тұратын кездері де бар. Мысалы: әке - м - дер, апаң - дар , көке-м-дер. Жіктік жалғауы мен септік жалғауы сөз соңында Қолданылады . Мысалы : Мен « Бірлік » колхоз - ынан ке көке - ж - дер , ле - мін ; Мен « Бірлік » колхоз - ы - нан – мын .
Ескерту . Көптік жалғауы сөзде екі рет қолданыла алады . Мысалы : сендер — оқушыларсыңдар , сендер — менің оқушыларымсыңдар.
203-жаттығу. Сөйлемді оқи отырып , жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз , содан кейін әр сөздегі жалғауларды орын тәртібі жағынан талдап түсіндіріңіз.
1.Төрдегі байлар арасындағы ендігі шеген мен сияқтымын. 2. Жоғалған сиырларды қорға кіргіземінде кетемін. 3. Біз отбасымызбен паркке барып, естелікке суретке түсіа қайттық. 4.Сөредегі кітаптардың шаң басып тұрғанына көп болды. 5. Отырыстан кейін қыздарды Нұрболат үйіне жеткізіп салды. 6. Нұрым деген кісінің баласымын.
204-жаттығу.Қарамен терілген сөздерге неше және қандай жалғау жалғанғанын айтыңыз. Олардың орналасу тәртібінің ұандай екенін айтыңыз. 1.Мистикалық өмірге деген ұмтылысы кезінде адамдар көп қателеседі: олар жақсылық пен жамандықты, жан мен денені, рух пен тəнді бір-біріне қарсы қояды. 2. Дүниеде бір ғана анық нəрсе бар: ол — өсіп-өнуге деген құштарлықтардың адамда болу. 3. Біздің əрқайсымыздың бойымызда бүкіл əлемдік тарихтың материалдық ұшқындары жүр. 4. Сезім əлемі бізді өзінің сан алуан жауһарларының салмағының астында тұншықтырып барады. 5. Материя біздің асқақ мүмкіндіктерімізге толы. 6. Мүмкіндіктердің бар екенін біле тұра, оны қу тірліктің кез-келген бұршақ ботқасына айырбастап жіберу деген — кешірілмейтін күнə болып есептеледі.
205-жаттығу. Сөз құрамындағы жалғауларды түр-түрне және орналасу тәртібіне қарай талдаңыз.