Морфология. Сөздердің құрамы



бет2/9
Дата04.11.2023
өлшемі44,3 Kb.
#189679
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
айка карим

Тәуелдік жалғау. Заттың меншіктігін білдіретін жалғауды тәуелдік жалғауы дейміз. Тәуелдік жалғаудағы сөз ілік жалғауы сөзбен байланысты болады. Мысалы: менің кітаб-ым, шеше-м, жолдас-ың. Тәуелдік жалғауы - зат есімнің тәуелдік категориясының қосымшасы. Тәуелдік жалғаудың түрлері және сөздердің тәуелдену үлгісі

жақ

жекеше

көпше




Дауыстыдан кейін

Дауыссыздан кейін

мысалы

Дауыстыдан кейін

Дауыссыздан кейін

мысалы

1жақ



-ым,-ім

Терезе-м, бала-м,

-мыз,-міз

-ымыз,-іміз

Терезе-міз, бала-мыз

2жақ арнайы



-ың,-ің

Терезе-ң, бала-ң

-лары, -лерің

-дарың,-дерің,-тарың,-терің

Терезе-лерің,бала-ларың

2жақ сыпайы

-ыңыз,-іңіз

-ыңыз,-іңіз

Терезе-ңіз, бала-ңыз

-ларыңыз, -леріңіз

-дарыңыз,
-деріңіз,
-тарыңыз,
-теріңіз




3жақ

-сы,-сі

-ы,-і

Терезе-сі, бала-сы

-лары, -лері








172-жаттығу. Текстті оқып, тәуелдік мағынаның қандай көрсеткіш арқылы берілір тұрғанын табыңыз. 1)Біз дайынбыз, жылқыларымыз жаңадан бері ерттеулі тұр. 2) Жандос әжесімен және туған шешесімен бірге ескі үйінде деседі. 3) Серік ағай сол күйі кітабымды қайтармады. 4) Балалары сондай тәртіпті деп тағы да анам мақтады. 5) Біздің мектепте жүргізген сабақтарымыз болашақта қажет. 6) Басқанікі болуы әбден мүмкін еді. 7) Айырылмаймыз деген уәдеміз бар.
173-жаттығу. Тәуелдік жалғауының жекеше, көпше түрін ажыратыңыз. 1)Біздің арманымыз көп еді. 2) Майданға жол жүріп барамын әжей. 3) Нұрали өзінің Айғанымға деген сезімі туралы көп ойланды. 4) Демалыстан кейін оқушылар апайларын көргеніне қуанышты. 5) Біз Бекболаттың үйінде боламыз деп мәлімдедім. 6) Сізде анасыз ғой деп жылап қалдым. 7) Бүгін жалғыз өзім көкпарда жүргізуші болдым.
174-жаттығу. Текстті көшіріп, тәуелдік жалғаудың астын сыз. 1)Қай бетімді айтамыр Сәбитке. 2) Ойпырмой Айжан-ау апама деп шығарған өлеңімді өзім ауылға барған соң оқып беремін. 3) Аманмен ауылымыз бір болатын. 4) Еңбегіңізді көп оқыған ұстаздың бірі мен. 5) Жолдасымнан біржола айрылғанымды да білдім. 6) Қарама-қарсы майданда емес, жауымыздың алдында соғысуымыз керек.
175-жаттығу. Тексттен тәуелдік жалғауы сөздерді тауып қай жақта, жекеше я көпше түрде тұрғанын ажыратыңыз. 1)Өзімнің ойыма мың түрлі әңгіме келіп, қуанышымнан жарылып кетердеймін. 2) Ұлтуған өз келісімін тағы да айтқысы келді. 3) Бір бір сынып болып жаяу баратын болдық. 4) Менің әке-шешеме, туған-туысыма келтірген зияным жоқ еді. 5) Ым-жымым білдірмей сабақтан жалғыз қашып кеттім. 6) Сіңлімді біздер бағып қаққанбыз кезінде.
176-жаттығу. Тәуелдік жалғаудың жалғанған сөзіне қандай мағына беріп тұрғанын түсіндіріңіз. 1.Сенің атаңнан менің атам кем түскен емес. 2. Қане біздің соңымызға еретін қайсың? 3. Арман менің сызғышымды қашан бересің? 4. Тырысып сөйлеспесең, менде сөйлемеймін. 5. Қайырбайдың терезесін сындырып алдық. 6. Балаларың бұзық екен деп кетті-ау.
177-жаттығу. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды қойып, текстті көшіріңіз. 1.Қарындасы…ды сағындым,-деп Муслим мұңайып қалды. 2. Жұртпен қарым-қатынасым жақсы, алысы… да, берісі… де жаман емес. 3. Совет үкіметін…нығайып, буын… бекіп, үлкен күшке айналған… на қуаныштымыз. 4. Оралбектің әңгіме…не тәнтімін осы. 5. Әке… де, шеше… де жақсы кісілер - деді Жанғали. 6. Бұл Жайықтың кең алқаб…н мекендеген сан рулы адам болған. 7. Мөлдірдің мөлдіреп тұрған көздер… сондай аянышт… көрінеді. 8. Мен тек Айсұлумен ғана келіс… жасаймын.
Жіктік жалғау. Жіктік жалғауы - қимылдың иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады. Мысалы: мен оқушымын, сен оқушысың, біз оқушымыз. Жіктік жалғауы есім сөзге де, етістікке де жалғанады.
178-жаттығу. Тексттен жіктік жалғаулы сөздерді тауып қай жақта, жекеше, көпше түрде екенін ажыратыңыз. 1.Біздің сыныптың он бес оқушысы алғыр және үздік оқиды. 2. Бәріміз бірімуз үшін,-деп жарысқа кеттік. 3. Мен комсомол мүшесімін. 4. Арманды бәрі жауызсың депті. 5. Таң қаларлық жағдай біздің басымызда көп болып тұрады. 6. Аружанға қашан көшесің?-деп сұрадым. 7. Осы елдің бетке тұтар ағасысың.
179-жаттығу. Көп нүкте қойылған жерге тиісті жіктік жалғауды қойып, текстті көшір. 1.Ертең кешке жол жүргелі отыр… . 2. Базарға мал апара… . 3. Сен… әлі оқиды дедім. 4. Сен саудаға жетік адам… . 5. …ашылу салтанатын ертең жасайтын болдық. 6. Шешей ұрыспай… ба? - мен біреуді ерітіп келдім. 7. …ің әкем қарапайым кісі болатын. 8. Мен тек көмір инженері… - дедім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет