Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Тарих және педагогика факультеті
Бастауышта оқыту кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Морфология. Сөздердің құрамы.
Қабылдаған: Байымбетова Ж
Орындаған: Кәрім Айтолқын
Тобы: 1301-12
Шымкент 2023ж
Морфология. Сөздердің құрамы.
Қазақ тілінде сөздердің құрамы әр түрлі болады. Сөздер кейде түбір қалпында жұмсалса, кейде оларға түрлі қосымшалар жалғану арқылы жұмсалады. Қосымша сөздер екіге бөлінеді: түбір және қосымша. Мысалы: кітап-ты, мектеп-те, үй-ге, адам-ның. Сөздер бірнеше түбірдің бірігуінен, қосарлануынан және қысқаруынан да жасалады. Мысалы: белбеу, Екі-бастұз, жап-жақсы, бетпе-бет, колхоз.
169-жаттығу. Әрбір сөздің құрамына талдау жасаңыз. 1. Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде "тапқаным осы, бітті деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?" дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай Тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. "Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын" дейді. "Оқымадың демесе болады тағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді" дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?
2. Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр.
Қосымша. Түбір сөзге жалғанып, сөздің лексикалық мағынасын өзгерту үшін немесе оған грамматикалық мағыналар үстеу үшін қолданылатын сөздің бөлшегін қосымша деп атаймыз.
Қосымшаларда: 1)лексикалық мағына болмайды; 2)сөзден бөлек қолданылмайды; 3)дыбыстық варианттары болады. Мысалы: лар, лер, дар, дер, тар, тер. Қосымшалар сөздің мағынасын өзгертудегі ерекшеліктеріне және қызметіне қарай жалғау, жұрнақ болып бөлінеді.
Жалғау. Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Мысалы: Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті. Бұл сөйлемде -лар,-дер көптік мағынаны, і меншіктілік мағынаны білдіретін жалғаулар, олар сөз бен сөзді байланыстырады. Қазақ тілінде 4 түрлі жалғау бар: септік, көптік, тәуелдік, жіктік.
170-жаттығу. Тексті көшіріп, жалғаулардың астын сызыңыз. 1.Егіздерді апайымыз ұрысып берді. 2. Менің ағаларым тау тұлға секілді. 3. Онда өзіңіз жеке қалып сырласыңызбен сөйлесіп алыңыздар. 4. Асқар тау әкелеріміз аман болсын,-деп тіледім. 5.Қыс болса келіп қалды, сиырларыма жаным ашиды. 6. Жанашырлықты Сезімнің бойынан көріп тұрмын. 7. Мақтанып кеткенімді өзімде білемін.
171-жаттығу. Көшіріп жазып, жалғаулардың байланыстырып тұрғанын көрсетіңіз. 1.Түнде даланың тыныш сәтке кеткен кезі еді. 2. Ол кезде адамдар маужырап, тәтті ұйқыда жатқан кезі. 3. Жаннұр өзеннің жағасында, өз бригадасының тұсында тұр. 4. Сол күні Бақытпен кездесе алмадым. 5. Сылдыр еткен дыбысы құлағыма саңқ еткендей болды. 6. Басқа сыбыстың бәрі басылғандай, тыныштыққа кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |