196-жаттығу. Тексттегі септелген зат есімге сұрақ қойыңыз. 1.Сәкен далаға шығып, кеудесін керіп, ұзақ тыныс алды. 2. Ауылдан шыққан бойда үш жігіт өзенге қарай беттемек болды. 3. Арқаның самал салқыны есіп, рахаттану үстіндемін. 4. Қаралы үйдің қапалық мұңынан босаған Сәуле далаға шығып, жалғыз жүріп қайтты.
197-жаттығу. Көп нүкте орнына тиісті септік жалғауларды қосып, текстті көшіріңіз. 1.Әпкем біз… ойлап, сабақтан босатылыпты. 2. Аяқталмаған алыстан, жақын сезілген жеңісті ойлады. 3. Көпірдің астынан өтіп кетті. 4. Қолы… ұшып кеткен шелек… бұрылып бармай, жүгіре жөнелсе, мүмкін тірі қаларма еді. 5. Ойын… оты шығатынын біз білмедік. 6. Зейнеп пен Бақыт детдом… бірге болған.
198-жаттығу. Текстті оқып шығып, септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөздің қай сөз табынан екендігіне, қандай септікте тұрғанына қарай талдаңыз. 1.Редакторлар быз шыгарган газетке оз келісімін беріп, бізді қатты қуантты. 2. Ақиқат газетінің тілшісі баяғыда комсомол өкілі болған деседі. 3. Зәуре он күн бізде жұмыс жасап, ары қарай газетте Қызылорда қаласына жұмысқа тұрды. 4. Комсомолда жұмыс жасағандардың бағы жанған секілді.
199-жаттығу. Төмендегі сөздерді ауызша септеп, олардың есептеуіндегі айырмашылыққа көңіл бөліңіз. Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау. Қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау. Көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Өзіңді күштеп бір нәрсе айту қиын. Үндемей қалу одан да қиын. Ал өзіңді ойлануға мәжбүрлеу тіпті одан да қиын. Ал ең қиыны – бірдеңені сезіну үшін өзіңді қинау.
200-жаттығу. Төмендегі сөз тіркесіндегі септіктің орнына шылауды қолданып, үлгі бойынша екеуінде көшіріңіз.
Үлгі: Бізге- маған, саған, оған; сізді- сені, мені, оны.
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.