186-жаттығу. Текстті оқып көптік жалғаулы сөздерге талдау жасаңыз. 1.Кіп кішкентай болсада еріндерін тістеп жүреді. 2. Әйелдердің де, еркектердің де саны артыуды. 3. Кешкі отырысқа күйеулерімен келетін болыпты. 4. Ақжан балаларын бақшаға беріпті, бізде берейік. 5. Ауылымызда төрт дәріхана мен жеті дүкендер ашвлғалы жатыр екен деседі. 6. Абай атындағы мұғалімдердің білімі өте жоғары екенін білдік. 7. Мен биыл түрлі балмұздақтардың дәмін татып шықтым.
187-жаттығу. Көптік жалғаудың қандай сөзге жалғанғанын, қандай мағынада қолданғанын табыңыз. 1.Самалдың адвокаттары жақсы мекен?-жағдайын біліп берші. 2. Жиналыста отырғандар сезіктеніп қалғандай көрінді. 3. Алғашқы күндері жұмысыма үйренісі алмай, қиналып қалдым. 4. Темірбектің жасы сол кезде отыздарды алқымдап қалған, соқпалдай азамат еді. 5. Арғы бетте бір салт күзетшілер бақылауда ұстады. 6. Сендер жұмыстан артта қалып жатырсыңдар, әрекет етіңдер.
188-жаттығу. Текстті көшіріп, көптік жалғаудың қандай сөз табына, қалай жалғанғанын байқаңыз. 1.Солдаттар қылыштарын суырып алып, шайқасу үстінде болды. 2. 8б сыныбының айғайлаған дауыстары мұғалімдерді біраз әбігерге салды. 3. Ормандағы ағаштардың біразы өртеніп кетіпті. 4. Жаннұр құрлы болмағандарың ба? - деді Гуля апай. 5. Әкем сиырларды суғарып кел,- деп жұмсады. 6. Қыстық қалың киімдерімді шығаруым керек.
189-жаттығу. Көп нүкте орнына көптік жалғауын қойып көшіріп жазыңыз. 1.Бастық, жұмыстарыңды байқаң… -, деді де шығып кетті. 2. Қыбыр-жыбыр етіп қалғансың… -, деді әжем күлімсіреп. 3. Соңғы уақытта өз тірліктер… өздер… қарсы келіп жүрсің. 4. Бала-шағаның тамақтарын берің… , мен жұмысқа кеттім. 5. Сезім киноларды көргенді ұнатады.
Септік жалғауСептік жалғаулары - зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Септік жалғаулары сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөздің арасындағы қарым-қатынастан туатын грамматикалық мағынаны білдіреді. Сөз сөйлемде қай септікте қолданылуы кездейсоқ жағдай емес. Зат есімнің сөйлемде белгілі септікте тұруы меңгеруші сөз болады, бұл - көбіне етістік болып кездеседі. Зат есімнің қандай септікте тұруын етістікті керек етуі мағынамен де байланысты болады. Зат есімнің қай септікте тұруын есім сөздің меңгеруі де кездеседі. Мысалы: Жақсы ісімен жақсы. *Септік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстыру қызметін септеулік шылаулар да атқарады: оқуға келдім – оқу үшін келдім, жылда келеді – жыл сайын келеді, сабақты сөз еттік – сабақ туралы сөз еттік, радиомен байланыстық – радио арқылы байланыстық, жолда әңгімелесті – жол бойы әңгімелесті. Септік жалғауы мен септік шылаулар белгілі бір жағдайда синонимдік категориялар дәрежесіне көтеріле алады: барлық синонимдік қатарлар сияқты бұлардың да жалпы мағынасы бір болғанымен, стильдік айырмасы болады: жолда әңгімелесті – жол бойы әңгімелесті дегенді салыстырыңыз.Қазақ тілінде септіктің аттары, сұраулары және жалғаулары мыналар:
Атау: кім? не? Ілік: кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Барыс: кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке Табыс: кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті Жатыс: кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те Шығыс: кімнен? неден? қайдан? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен Көмектес: кіммен? немее? - мен, -бен, -пен.
Ескерту. 1.Көмектес септік жалғауы буын үндесіне бағынбай жуан сөзге де, жіңішке сөзге де тек жіңішке түрінде жалғанады. Мысалы: қала+мен, өлең+мен. 2. Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталатын сөздерге септік жалғаулары қатаңнан басталып жалғанады.
А. педагог клуб актив завод І. педаог+тың клуб+тың актив+тің завод+тың Б. педагог+қа клуб+қа актив+ке завод+қа Т. педагог+ты клуб+ты актив+ті завод+ты Ж. педагог+та клуб+та актив+те завод+та Ш. педагог+тан клуб+тан актив+тен завод+тан К. педагог+пен клуб+пен актив+пен завод+пен