62
Күрделі өсімдіктердің әрқилы систематикалық топтарына тиісті
түрлердің барлығының да (дара және қос жарнақтыларда да, шөптесін
және сүректілерде де, бір және көпжылдықтарда да) сабақтарының
анатомиялық алғашқы құрылыстары ұқсас болғанымен олардың өзара
ерекшеліктері де болады.
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысында сабақ сырт
жағынан эпидермамен жабылады. Оның жапырақ эпидермасынан
айырмасы жасушалары сабақтың ұзына бойына созыла орналасады.
Эпидерманың іш жағында алғашқы қабық жатыр, оның ішкі шекарасы
тамырдағы сияқты эндодерма қабаты. Эндодермада крахмалдың қоры
болатындықтан оны крахмалды қынап деп те атайды.
Алғашқы қабық құрамы бірыңғай емес. Оның эпидерманы
астарлай жатқан паренхималық жасушаларында хлоропласт көп
(хлоренхима). Қабықтың одан ішке қарай тереңдеп орналасқан
жасушаларында хлоропластар болмайды.
Қабық паренхимасының субэпидерма қабаты жасушаларының
қабықшасы қалыңдап, оның колленхимаға айналуы жиі кездеседі.
Кейде алғашқы қабықта идиобластар да кездеседі.
Эндодерманың астын бойлай орталық цилиндр орналасады, ол
перицикл, өткізгіш шоқтар мен өзектерден тұрады. Перицикл
алғашқы түзуші ұлпа, орталық цилиндрдің сыртқы қабаты. Көп
жағдайда перицикл бір қабат, кейде бірнеше қабат болып келеді. Олар
тұтас сақина түзіп орналасады немесе сүректеніп өткізгіш шоқтарының
құрамына енеді. Көптеген торқалы өсімдіктердің сүректенбеген
склеренхима талшықтары перициклден пайда болады. Орталық
цилиндрдің өткізгіш шоқтарының алғашқы флоэма мен алғашқы
ксилема элементтері прокамбийден түзіледі. Прокамбий бой
конусындағы жапырақ бастамасының негізінде пайда болып,
акропетальды (гр.
Достарыңызбен бөлісу: