Морфологиясы


IV. Вегетативтік мүшелер және олардың құрылысы



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

IV. Вегетативтік мүшелер және олардың құрылысы 
4.1
Тамыр және тамырлар жүйесі 
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде мүшелердің екі тобы бар. Олар: 
вегетативтік (лат. 
vegetativus – өсу, даму
) және генеративтік (лат. 
genero 

жасап шығару). 
Вегетативтік мүшелерге тамыр, сабақ пен 
жапырақтан тұратын өркен, генеративтік мүшелерге көбею қызметін 
атқаратын мүшелер жатады. Жабық тұқымдыларда бұл мүшелер 

гүл, 
жеміс, тұқым. 


46 
Тамыр 

жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік 
мүшелерінің бірі. Тамырдың негізгі қызметі 

топырақтан су және 
қоректік заттардың ерітінділерін қабылдау, өсімдік денесін топырақта 
бекітіп ұстап тұру, демек қатты желден, дауылдан, нөсер жаңбырдан 
сақтау. 
Тамыр бұдан басқа да маңызды қызметтер атқарады. Тамыр сору 
қызметін атқаруына байланысты оның белгілі бір деңгейінен көптеген 
түктер пайда болады, біртіндеп оның қоректену ауданы үлкейеді. Бұдан 
басқа тамырда әр түрлі заттар синтезделеді: амин қышқылдары, 
гормондар, алкалоидтар т.б. Бұл заттар тамырдан басқа мүшелерге 
таралады. Тамыр кейде әр түрлі түрөзгерістерге ұшырайды, ал онда 
қоректік заттардың қоры жиналады. Сонымен қатар жер астында 
көптеген өсімдіктердің тамырлары бір-бірімен тығыз байланысты 
болып бір-біріне әсер етеді және басқа да микроорганизмдермен, 
саңырауқұлақтармен байланысып тіршілік ете алады. Сонымен, тамыр 

өсімдіктің осьтік органы. 
Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі 
(генетикалық), морфологиялық ерекшеліктері және экология 
тұрғысынан жіктейді. Шығу тегіне қарай олардың үш типін 
ажыратамыз. Олар: негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр. 
Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі. Қосалқы немесе 
адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан, сол сияқты өркеннің жер 
асты метаморфоздары 

түйнек, жуашық және тамырсабақтардан өседі. 
Негізгі және қосалқы тамырлардан бұтақтанудың екінші, үшінші және 
одан кейінгі осьтері ретінде жанама тамырлар өсіп шығады. 
Тамырлар жүйесі деп бір өсімдіктің барлық тамырларының 
жиынтығын айтамыз. Тамырлар жүйесінің біріншісі 

кіндік тамырлар 
жүйесі (9-сурет, А). 


47 
9-сурет. Тамыр жүйесінің типтері: А 

кіндік тамыр жүйесі;
Б 

қосалқы тамырлар жүйесі; В 

аралас тамырлар жүйесі:


гипокотиль. 
Кіндік тамыр жүйесінде ұрық тамыршасы ұзарып өсіп бірінші 
реттегі ось 

негізгі тамыр пайда болады. Ол бұтақтанып, одан екінші, 
үшінші және одан арғы осьтер түзетін жанама тамыр жүйесі 
қалыптасады. Екінші, кейде үшінші реттегі жанама тамырлар өздерінің 
қуаттылығы ось диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықта 
орналасуы бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп, 
ерекшеленіп тұрады. Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы 
өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөліміне және жабық тұқымдылар 
бөлімінің қос жарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән. 
Қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесінде (9-сурет, Б) 
негізгі тамыр нашар жетілген, қосалқы тамырдан көлемі жағынан 
айырмасы болмайды. Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты 
жетіліп, басымдық білдіреді. Шашақ тамырлар жүйесі дара 
жарнақтыларға, әсіресе астықтарға тән. Ол сирек жағдайда қос 
жарнақтыларда кездеседі.
Үшіншісі 

аралас тамырлар жүйесі (9-сурет, В). Мұндай 
тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр, жанама және қосалқы 
тамырлар енеді. Бұлар қос жарнақты шөптесін өсімдіктерде жиі 
кездеседі. 
Тамырларды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде 
негізінен олардың пішінінің алуан түрлілігі, консистенциясы, 
бұтақтану ерекшеліктері және кеңістікте орналасуы ескеріледі. Пішіні 
жағынан әдетте кең тараған тамырлар: цилиндр тәрізді, жалпақ 


48 
жапырақты кермек, ұршық тәрізді, шомыр тәрізді, түйнек тәрізді 
тамырлар.
Өсімдіктің тамыры метаморфозданады. Тамыр метаморфозы 
дегеніміз атқаратын қызметінің өзгеруіне байланысты оның әрқилы 
түрлене өзгеруі. Тамырлар тарихи даму барысында мынадай 
метаморфозға ұшырайды: қорлық тамыр, тамыржеміс, тартпа тамыр. 
Қорлық тамыр негізгі, жанама және қосалқы тамырлар түрлерінен 
қалыптасып, тамыржеміс немесе түйнектамыр түрінде өзгеріске 
ұшырауы мүмкін. Тамыржеміс әдетте екі жылдық өсімдікке тән. 
Мұндай тамырлардың жасушаларына қоректік заттың қоры жиналады. 
Мысалы, сәбіз, қызылша, шалқан, шомыр т.б. Тартпа тамырлар 
лалагүлділер, құртқашаш және амариллистер тұқымдастарының 
көптеген пиязшық және пиязшық түйнекті өкілдеріне тән. Мұнан басқа 
да тамырдың түрөзгерістері кездеседі, мысалы, зәкір тамыр, аспа, ауа 
тамырлар және т.б.
Тапсырмалар 
1.
Кеппешөптер даналарынан тамыр жүйелерінің түрлерін анықтап 
қарау. 
2.
Жүгері, үрмебұршақ, асқабақ, бидай, қара бидай өскіндерінен 
тамыр түрлерімен танысу.
3.
Тамыр және тамыр жүйелері типтерінің суреттерін салу, тиісті 
белгілерін жазу. 
4.
Сәбіз бен қызылшаның қандай тамыр түрлеріне жататындығын
анықтау, суретін салу. 
Қайталау сұрақтары 
1.
Тамыр қандай қызмет атқарады? 
2.
Тамырдың қандай түрлері бар? Олар несімен ерекшеленеді? 
3.
Кіндік тамыр жүйесі қандай өсімдіктерде болады? 
4.
Тамыр жүйелерінің ерекшелігі неде? 
5.
Тамырдың қандай метаморфозданған түрлері бар? 
4.2
Өсімдік тамырының анатомиялық құрылысы 
Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей 
болмағандықтан оның әр түрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды. 
Әдетте жас тамыр ұшынан тамырдың төрт аймағын: бөліну, өсу немесе 
созылу, сору, өткізу аймақтарын, сондай-ақ тамыр оймақшасын 
ажыратады. 


49 
Өсу аймағы негізінен бөліну және созылу аудандарынан тұрады. 
Созылу ауданында апикальды меристема жасушалары бөлінуін мүлдем 
тоқтатып, 
қабықшасы 
белсенді 
созылып, 
орталық 
вакуоль 
қалыптасады. Созылу аймағының ұзындығы бірнеше миллиметр ғана, 
осы аймақтағы жасушалардың өсуі тамырдың ұзаруын қамтамасыз 
етеді. Бұдан жоғары қарай сору аймағы дамиды. Осы аймақта тамыр 
түктері дамып, оны тамыр түктерінің аймағы немесе сіңіру аймағы деп 
атайды. Созылу аймағынан кейін тұрақталу аймағы қалыптасады. Бұл 
аймақта тамырдың алғашқы ұлпаларының (өткізгіш) жетілу процесі 
жүреді (10-сурет). 
10-сурет. Тамырдың аймақтары (сызба-нұсқасы): А 

бөліну аймағы;
Б 

созылу аймағы; В 

сору аймағы; Г 

өткізу аймағы:


тамыр оймақшасы; 2 

тамыр түгі; 3 

флоэма; 4 

ксилема 
Жалпы көрсетілген аймақтардың шекаралары айқын емес, өйткені 
біреуінен екіншісіне өту кенеттен емес, біртіндеп, созылыңқы жүреді.
Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысында оның сыртында 
ризодерма (эпиблема), алғашқы қабық және орталық шеңбер, өткізгіш 
ұлпалар жүйесі болады. Тамырлардың көпшілігінде өткізгіш ұлпалар 
жүйесі біртұтас орталық шеңберде, ал кейбіреулерінде өзектің 
айналасында орналасады. 
Ризодерма суды және минералды заттарды тамыр түкшелері 
арқылы сіңіреді. Тамыр түкшелері 

ризодерма жасушаларының 


50 
өскіндері. Тамыр түкшелері оның сіңіруші ауданын арттырады. 
Ризодерманың астында орналасқан қабықтың ең сыртқы қабаттары 
экзодерма деп аталады. Ризодерма өлгеннен кейін экзодерма тамырда 
қорғаушы, жабындық ұлпаға айналады. Экзодерма жасушалары бір 
немесе кейде бірнеше қатарлы болуы мүмкін.
Алғашқы қабық жасушаларында крахмал және басқа да заттар 
жиналады, бірақ хлоропластары болмайды. Қабықтың паренхимасында 
бірқатар зат алмасу процесі белсенді жүреді. Қабықтың паренхимасы 
ризодерманы пластикалық заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, 
сонымен қатар заттарды сіңіруге және өткізуге қатысады.
Дара жарнақты өсімдіктердің тамырларында соңғы өсу 
болмағандықтан олардың тамырында алғашқы қабық өмірінің аяғына 
дейін сақталады да жасуша қабықшалары қалыңдап, біршама 
сүректеледі. Алғашқы қабықтың ең ішкі шекаралық қатары 

эндодерма (гр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет