Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

perforatio ̶
бұрғылау
) табақша дейді. 
Түтік бунақтарының пішіні әртүрлі болады. Ең жақсы жетілген 
түтіктер қысқа бунақтардан тұрады. Олардың ені ұзындығынан артық, 
ал перфорациялық табақшасының үлкен жалғыз тесігі болады. 
Көлденең қабырғадан тек перфорациялық жиек қалады. Бұл кәдімгі 
перфорацияның жай түрі. Еменнің түтіктері осындай бунақтардан 
тұрады. Нашар маманданған түтіктер салыстырмалы, біршама ұзын 
және қысыңқы, аралық (көлденең) қабырғалары қиғаш бунақтардан 
тұрады. Бұлардың перфорациялық табақшаларында бірінің үстіне бірі 
орналасқан бірнеше тесіктері болады. Бұл сатылы перфорация. 
Флоэма (гр. 
phloiós ̶ қабық
) ̶ сүзгілі түтік және оның серіктік 
жасушасынан, арқаулық ұлпадан, негізгі паренхимадан тұрады. Електі 
түтік қызметі және морфологиялық жағынан флоэманың басты 
элементі. Негізгі қызметі пластикалық заттарды өткізу. Електі түтіктің 
бүйірлік қабырғаларында ұсақ тор тәрізді тесіктер болады да, оларды 
тор саңылаулар немесе каналшалар деп атайды. Осы тесіктер арқылы 
шектес жасушалардың тірі құрамды элементтері өзара байланысып, 
заттар қатынасы жүреді. Жалаңаштұқымдыларда бұлардың құрылысы 
біршама жетілген және оларды електі немесе сүзгілі тақта деп атайды. 
Електі тақталар електі түтікшелердің ұштасқан жерінде орналасады 
және жақсы айқындалған түтіктері болады. Електі элементтердің екі 
түрі ажыратылады: серік жасушалар және електі түтіктер.
Өсімдіктердегі зат алмасу өнімдерін бөліп шығару қызметін бөліп 
шығарушы ұлпалар атқарады. Өсімдіктер сыртқы ортаға кейбір 
қосылыстарды ғана бөліп шығарып, кейбіреулерін жасуша 
шырынында, негізгі паренхима жасушаларында немесе арнаулы 
орындарда жинайды. Осы қызметіне қарай бөліп шығарушы ұлпалар 
сыртқы және ішкі бөліп шығарушы ұлпалар болып екіге бөлінеді. 
Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар – шайыр жолы, эфир майы 
өзегі, сүт жолдары. Сүт жолы өсімдіктің барлық мүшесінде орналасқан. 
Сүтті шырын – ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық. Оның 
құрамында көмірсулар, майлар, ақуыздар бар. Заттарды сыртқа бөліп 
шығарушы ұлпалар: домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, 
жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер. Сыртқы бөліп шығарушы 
заттардың өнімдеріне эфир майлары, шірнеліктер, су және басқалар 
жатады. 
Безді түктер эпидермистің жасушаларынан пайда болады. Олар 
эфир майларын, шайырды және т.б. заттарды жинап қана қоймай, 
оларды өсімдік денесінен газ түрінде, сұйық және қатты күйінде сыртқа 
шығарып отырады. Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақ 
өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұрғыдан тұрақты болады. 
Орналасуына қарай сыртқы және ішкі, құрылысына қарай жай және 


32 
күрделі, бөлінетін заттарына қарай тұзды, майлы, шайырлы, шырышты 
безді түктер деп жіктеледі. 
Шірнеліктер өсімдіктердің мүшелерінің сыртына көмірсулардың 
(тәтті сұйық зат ̶ нектар немесе шірнелік) ерітіндісін бөліп шығаратын 
бездер. 
Шірнелік 
негізінен 
гүлдің 
бөліктерінде 
кездеседі. 
Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозаңдануын 
қамтамасыз ететін насекомдарды өздеріне еліктіреді. Шірнелік 
жасушаларының цитоплазмасы қою және оларда зат алмасу белсенді 
жүреді. Шығу тегі алып жатқан орнына қарай флоральді және 
экстрофлоральді деп бөлінеді. Флоральді гүлдерге тән, ал 
экстрафлоральді вегетативті мүшелерге тән. 
Гидатодтар сулы устьицалар, эпителий жасушалары, жапырақтың 
өткізгіш ұлпаларымен байланысты тамыршасы ̶ талшық шоғы. Олар 
жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің 
ұштарында орналасады. Олар су тамшыларын және онда еріген 
тұздарды бөліп шығарады. 
Өсімдіктердің жер бетіндегі органдарының бетінен судың 
булануы транспирация деп аталады. Су негізінен жапырақтың бетін 
қаптап 
тұратын 
кутикуладағы 
лептесіктерінде 
буланады. 
Транспирация өсімдіктегі су тасымалының жоғарғы, шеткі қозғаушы 
күші болып саналады. Себебі судың булануы нәтижесінде жапырақ 
жасушаларындағы су мөлшері азайып, су потенциалы төмендейді. 
Ондай жасушалардың су сорғыш күші артып, өткізгіш шоқтар 
(ксилема) арқылы судың өрлеу ағыны жүзеге асады. Тамырдың су 
сіңіру қабілеті қалыпты деңгейде сақталады. Транспирация қарқыны 
сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның 
ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы 
ауа құрғақ және желді болса транспирация қарқынды жүреді. 
Атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура төмен жағдайда 
транспирация қарқыны азаяды. Бірақ тамыр қысымы мен судың бөлінуі 
нәтижесінде жапырақ ұшында тамшылар пайда болады. Гидатодтар 
арқылы су тамшыларының бөлінуі гуттация деп аталады. Гидатодтар 
өсімдіктердің су тамшыларын бөліп шығаруға бейімделген 
устьицалары. Гуттация құбылысы өсімдіктерде транспирация баяулап, 
артық су жиналған кезде (шық) байқалады. Гуттация арқылы өсімдік 
өзінің денесіндегі артық судан және тұздан арылады. 
Ас 
қорыту 
бездеріне 
бунақденелілермен 
қоректенетін 
(шықшылдық, дүңгіршек және т.б.) өсімдіктердің сыртқа бөліп 
шығарушы ұлпалары жатады. Бездер бөліп шығаратын сұйықтық 
құрамында бунақденелілерді қорыта алатын ферменттер, қышқылдар 
болады. 
Сүт жолдары ̶ цитоплазмасында көптеген ядролары болатын және 
сүтті шырындарға толы вакуольдері бар тірі жасушалар. Олардың 


33 
қабықшалары целлюлозадан тұрады. Сүт жолдарының екі түрі бар: 
мүшеленген және мүшеленбеген. Мүшеленген сүт жолдары түтіктер 
секілді тік орналасқан жасушалардың қатарының, көлденең 
қабықшаларының жыртылуының нәтижесінде пайда болады. 
Мүшеленбеген сүт жолдары ұрықтың арнаулы жасушаларының өсіп 
ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Бұл аса үлкен цилиндр тәрізді 
немесе тарамдалған жасушалар. Сүт жолдары не тек флоэмада 
орналасады, не болмаса өсімдіктің бүкіл денесіне өтеді (сабаққа, 
тамырға, жапыраққа). Олар бөліп шығару қызметін атқаруымен қатар 
өткізгіштік және қор жинау қызметін де атқарады. Өткізгіштік қызметі 
сүт жолдары органикалық заттардың синтезделетін жерін олардың 
қолданылатын жерімен жалғастырған кездерде іске асырылады, 
мысалы жапырақтарда. Сүт жолдарының бөліп шығарушылық және 
қор жинау қызметін жасуша шырынының құрамы бойынша анықтап 
білуге болады. Әр түрлі өсімдіктерде жасуша шырынының құрамы 
әрқилы болады. Экскреторлық заттардан оның құрамында көп 
жағдайда каучук, танидтер, алкалоидтар, смолалар және басқалар 
болады. Қорлық заттардан ̶ крахмал, қант, ақуыздар, майлар және 
басқалар болады. Кейде жасуша шырынында ферменттер болады. 
Жасуша шырынының түсі ақ немесе сарғыш-қызыл болып келеді. Сүт 
жолдары өсімдіктердің тек кейбір топтарына ғана, мысалы 
күрделігүлділерге, көкнәр гүлділерге, сүттіген гүлділерге және 
басқаларға тән (5-сурет). 
5-сурет. Тікесінен жасалған кесіндідегі сүттіген түтікшелері 
(млечники): А – шоңайнаның (лопух) тамырындағы мүшеленіп 
біріккен анастомозды сүттіген түтікшелері; Б – сүттігеннің (молочай) 
сабағындағы мүшеленбеген сүттіген түтікшелері 


34 
Бөліп шығарушы жасушалар басқа ұлпалардың жасушаларының 
арасында шашыраңқы орналасады. Экскреттің жиналуына байланысты 
олардың протопластары өледі, ал жасушаның қабықшасына оның ішкі 
жағынан суберин жиналады. Ол улы заттарды айналасындағы 
жасушалардан бөліп тұрады. Бөліп шығарушы жасушалар шайдың, 
лаврдың жапырақтарында, баданның тамырсабақтарында және 
басқаларда болады. 
Схизогендік және лизогендік қуыстар зат алмасуға уақытша 
қатыспайтын, өсімдіктің тіршілігінің көптеген соңғы өнімдерін жинау 
және оларды ұзақ уақыт бойы сақтау үшін қажет. Олардың формалары 
домалақ немесе канал тәрізді болып келеді және мөлшері де әрқилы. 
Схизогендік қуыстар жасушалардың ығысуының нәтижесінде олардың 
арасында пайда болатын бос кеңістіктерден түзіледі. Қуысқа жақын 
орналасқан тірі жасушалар эпителиальды жасушалар болып саналады 
және олар осы қуысқа экскреторлық заттарды бөліп шығарады. 
Схизогендік қуыстар өсімдіктердің әртүрлі топтарында болады, бірақ 
олар әсіресе жалаңаштұқымдыларға тән. Соңғыларының смола 
жолдарында бальзам (смоланың эфир майларындағы ерітіндісі) 
жиналады. 
Лизогендік қуыстар экскреторлық заттарға толы жасушалардың 
тобының еріп кетуіне байланысты пайда болады. Олар цитрус 
тұқымдастарына тән. 
Өсімдік денесіне мықтылық, беріктік, серпімділік қасиет беретін 
жасушалар тобы механикалық (арқаулық) ұлпалар деп аталады. Бұл 
ұлпалардың негізгі ерекшелігінің бірі ̶ оны түзетін жасуша 
қабықшасының қалыңдай беруі, соның салдарынан біртіндеп өлі 
жасушаларға айналуы. 
Өсімдік тамырында механикалық ұлпаның элементтері қақ 
ортасында орналасады, себебі өсімдікті топырақта ұстап тұрады, 
сондай-ақ оның әр түрлі әрекеттерге төтеп беруін, үзілмеуін 
қамтамасыз етеді. 
Колленхима жасуша қабықшаларының қалыңдауы өсімдіктердің 
мүшелерінде бірдей болмайды, атап айтқанда қалыңдауына қарай үш 
түрлі болады: 
1)
бұрышты колленхима ̶ жасушалары көп қырлы болады да, сол 
қырланған жеріндегі бұрыштары қалыңдап, ал әр екі бұрыштың арасы 
қалыңдамастан бұрынғы клетчатка күйінде қала береді. 
2)
тақталы колленхима ̶ жасушалардың қабықшаларының сыртқы 
бетіне параллель жатқан қабырғалары ғана қалыңдайды да, қалған 
беттері клетчатка түрінде қала береді. 
3)
бұрышты-тақталы немесе борпылдақ колленхима, мұнда 
жасушааралықтар жақсы дамыған. 


35 
Склеренхима орналасу орнына қарай тін талшығы, сүрек талшығы 
деп екіге бөлінеді. 
Өсімдіктердің денесінде кездесетін өткізгіш ұлпалар мен арқаулық 
ұлпалардың элементтері қосылып белгілі бір тәртіппен орналасады. 
Бұлардың шоғырланып жатқан жерлерін өткізгіш шоқтар немесе сосуд-
талшық шоқтар дейді. Өткізгіш талшық шоқтарда өткізгіш ұлпаның 
флоэма, ксилема элементтері, ал арқаулық ұлпада көбінесе 
склеренхима болады. Әрбір шоқтағы ұлпалар өсімдіктердің түрлеріне, 
экологиялық жағдайларына байланысты әр түрлі қалыпта орналасады. 
Өте сирек жағдайда өткізгіш талшық шоқтарда флоэма мен 
ксилеманың біреуі ғана болады. Мұндай шоқ толық емес шоқ деп, ал 
керісінше шоқта флоэма да, ксилема да болса толық шоқ деп аталады. 
Өткізгіш 
шоқтар 
өсімдіктердің 
вегетативтік, 
генеративтік 
мүшелерінде, жемістерінде болады. Жапырақ жүйкелерінде көбінесе 
толық емес шоқ кездеседі.
Толық шоқтағы флоэма мен ксилеманың орналасуына қарай 
өткізгіш шоқтар төрт түрге бөлінеді: 
1)
бүйірлес (коллатеральды) өткізгіш шоғы; 
2)
қос бүйірлі (биколлатеральды) өткізгіш шоғы; 
3)
сәулелі (радиальды) өткізгіш шоғы; 
4)
шеңберлі (концентрлі) өткізгіш шоғы (6-сурет). 
6-сурет. Сосуд-талшық шоқтарының көлденең кесіндісі: А 

жүгерінің 
сабағының жабық коллатеральды шоғы; Б 

асқабақтың сабағының 
ашық биколлатеральды шоғы (сол жақта ̶ детальды салынған сурет, 
оң жақта ̶ сызбанұсқасы): 1

қабықшасы жұқа болып келетін 
сабақтың негізгі паренхимасы; 2 

склеренхима; 3 

серіктік жасуша; 


електі түтік; 5 

сүректік паренхима; 6 

торлы түтіктер;


36 


сақиналы-спиральды түтік; 8 

сақиналы түтік; 9 

қуыс;
10 

сыртқы флоэма; 11

камбий; 12 

соңғы ксилема; 13 

алғашқы 
ксилема; 14 

ішкі флоэма 
Бүйірлес (коллатеральды) шоқта флоэма мен ксилема элементтері 
бір-бірімен бүйірлесе жатады. Қос бүйірлі (биколлатеральды) өткізгіш 
шоғында ксилема орталықта, флоэма бүйір жақта орналасады.
Сәулелі (радиальды) өткізгіш шоғында флоэма мен ксилема 
элементтері радиус бойымен сәулеленіп орналасады. Мұндай шоқ қос 
жарнақтылар мен дара жарнақтылар тіршілігінің соңына дейін 
сақталады. 
Шеңберлі (концентрлі) шоқта флоэма ксилеманы немесе ксилема 
флоэманы шеңбер түзіп қоршап жатады. Шеңберлі шоқтың флоэма мен 
ксилема элементтерінде меристемалық қасиеттерін сақтайтын 
жасушалар тобы, яғни камбий болмайды. Бұл шоқ шаңжапырақ 
тәрізділер өкілдеріне және дара жарнақтылардан інжугүлге (ландыш) 
тән (7-сурет). 
7-сурет. Шеңберлі өткізгіш шоқтар: 
А 

ксилемасы сыртқы шеңберді түзетін меруертгүлдің (ландыш) 
тамырсабағы; Б 

флоэмасы сыртқы шеңберді түзетін еркек 
папоротниктің тамырсабағы: 1 

флоэма; 2 

ксилема; 3 

сабақтың 
негізгі паренхимасы 
Тапсырмалар 
1.
Элодея өсімдігінің бой конусынан немесе күні бұрын өсірілген 
бидай өскінінің ұшынан 5-6 см-ден асырмай кесіп алып препарат 


37 
дайындау, төбе меристемасы қабаттарының орналасу ерекшеліктерін 
зерттеу. 
2.
Қазтамақ (герань) өсімдігінің жапырақтарының астыңғы бетінен 
препарат жасап, жақсы көрінген лептесіктерді тауып, жасуша 
құрылысын анықтау. Препаратқа йод ерітіндісін тамызып, өзгерісті 
бақылау. 
3.
Күлгін сия ерітіндісіне салынып қойылған ағаш бұтақтарынан сия 
ерітіндісі флоэма немесе ксилема бөлімдерінің қайсысымен жоғары 
көтерілетіндігін анықтау. 
4.
Бөлме өсімдіктерінің жіңішке сабағынан, жапырақ сағағынан, 
ұзын өсіндісінен препарат жасау, өткізгіш түтіктердің қандай 
түрлерінің бар екенін бақылау. 
5.
Асқабақ сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты препаратынан 
жиектелген саңылауы бар трахеидтерді тауып, суретін салу.
Қайталау сұрақтары 
1.
Меристема дегеніміз не? 
2.
Жабындық ұлпа өсімдіктің қандай мүшелерінде кездеседі? 
3.
Колленхима неге жас өсімдіктер мүшелеріне тән? 
4.
Арқаулық ұлпаларға тән белгілер қандай? 
5.
Флоэма қандай гистологиялық элементтерден тұрады? 
6.
Өткізгіш немесе сосуд-талшық шоқтары дегеніміз не, оның қандай 
түрлері бар? 
Бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары 
1.
Ядроны ашқан ғалым 
А) Р.Броун 
Б) Н.Грю 
В) Я.Пуркинье 
Г) Т.Шванн 
Д) Ч.Дарвин 
2. Жасушадағы көбею, тұқым қуалау қызметін атқарады 
А) гиалоплазма 
Б) жасуша қабықшасы 
В) ядро 
Г) пластидтер 
Д) митохондрия 
3. Өсімдіктер жасушасына ғана тән органоид 
А) жасуша қабықшасы 
Б) митохондрия 
В) ядро 


38 
Г) пластидтер 
Д) Гольджи жиынтығы 
4. Құрамындағы жасушаларда үнемі хлорофилл дәндері болатын 
ұлпалар 
А) түзуші ұлпа 
Б) ассимиляциялаушы ұлпа 
В) қор жинаушы ұлпа 
Г) жабын ұлпа 
Д) аэренхима 
5. Перфорация деген не? 
А) жасушааралық саңылау 
Б) жасушадағы илік заттар 
В) өсімдіктердің тозаңдануы 
Г) трахеяларды құрайтын жасушалардың арасындағы қабырға 
Д) өсімдіктің жер асты мүшелері 
6. Өсімдіктердегі өткізгіш ұлпалар мен арқаулық ұлпалардың 
элементтері қосылып шоғырланып жатқан жерлер 
А) сүзгілі түтіктер 
Б) өткізгіш шоқтар 
В) өң 
Г) трахеидтер 
Д) аэренхима 
7. Механикалық ұлпаның атқаратын қызметі 
А) зат алмасу өнімдерін бөліп шығару 
Б) өсімдіктің тыныс алуын қамтамасыз ету 
В) өсімдіктің мықтылық, серпімділігін қамтамасыз ету 
Г) өсімдікке қоректік заттарды жеткізу 
Д) су қорын жинау 
8. Жапырақ сыртын жауып тұратын бір қатпарлы, түссіз, мөлдір 
жасушалар тізбегі 
А) өң 
Б) тоз 
В) лептесік 
Г) қыртыс 
Д) сүрек 
9. Жылы және ылғалды ауа райында өсімдік бойында артық су 
жиналғанда лептесіктері арқылы су немесе тұз тамшыларын бөліп 
шығару құбылысы
А) фотосинтез 
Б) перфорация 
В) гуттация 
Г) транспирация 
Д) сүт жолы 


39 
10. Өсімдік жасушасының қорға жиналатын заттары 
А) пластидтер, ядро 
Б) ақуыздар, майлар, көмірсулар 
В) фруктоза, сахароза, көмірқышқыл газы 
Г) амин қышқылдары, су 
Д) майлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет