Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

chloros ̶ жасыл, plastos ̶ сомдалған
) жоғары 
сатыдағы өсімдіктердің жапырағы, жас сабағы, піспеген жемістерінің 
жасушаларында болатын жасыл түсті пластид. Оның пішіні дөңгелек 
немесе сопақша, линза тәрізді, көбіне дәнге ұқсас. Сондықтан олардың 
жасушаларында болатын хлоропласты хлорофилл дәндері деп, ал 
балдырлар жасушаларындағы хлоропласты хромотофор деп атайды. 
Хлоропластардың 
құрғақ 
затының 
орта 
есеппен 
35-55%-ы 
каротиноидтардан тұрады. Хлоропласта тағы басқа да әртүрлі 
мөлшерде заттардың барлығы анықталған. Хлоропласт денесі екі 
қабықшалы, сыртқы және ішкі мембранамен қапталған. Оның негізгі 
заты табақша пішінді, лемеллярлы құрылымды, стромамен 
толтырылған. Түссіз строма да жасыл түске боялған түйіршік тектес, 
көлемі 0,3-1,7 мкм-дей грандары (лат. 
гранум ̶ дән
) болады. Бұлардың 
табиғаты ақуызды-липидті, бір-бірімен түйіскен, жалпайған көпіршік 
немесе табақша тәрізді тилакоидтардың жиынтығынан тұрады. Мұны 
кейде ламеллалар деп атайды.
Тилакоидтар 
мембранасында фотосинтездің 
«жарықтық» 
реакциясы (күн сәулесінің химиялық энергияға айналуы нәтижесінде 
судың ыдырауы), ал стромада оның қараңғыдағы реакциясы жүреді 
(көмірқышқыл газының тұрақтануы мен СО-ның бекітілуі). 
Хлоропластарда АДФ-тен АТФ және ақуыздар синтезделеді. 
Жасушадағы хлоропластардың көрінісі 3-суретте берілген.


24 
3-сурет. Хлоропластардың микроскоппен қарағандағы көрінісі 
Хромопластар (гр.
chroma ̶ бояу, plastos — сомдалған
) ̶ ішкі 
құрылысы онша айқындалмаған, пигмент әсерінен сары, қызғылт сары, 
қызыл, кейде қызыл қоңыр түске боялған өсімдік жасушасының 
протоплазмасында болатын пластидтер. Хромопластардың пішіні шар, 
ұршық, орақ тәрізді болады. Хромопластардың түсін әр түрлі 
пластидтерде шоғырлану пішіні бірдей емес пигмент — каротиноид 
қамтамасыз етеді. Біреулерінде пигменттер ақуызды-липидті 
мембранада ыдырайды, екіншілерінде ақуыз фибриллаларында 
жинақталады, 
ал 
үшіншілерінде 
кристалл 
түрінде 
болады. 
Хромопластарда қос мембрана болады, олардың көмегімен 
цитоплазмадан ажырайды. Хромопластардың биологиялық маңызы 
зор, мұның құрамында биологиялық белсенді заттар — май 
ыдыратқыш D,E,K витаминдері және А1 провитамині, сондай-ақ 
тотықтырғыш және гидролиздік фермент болады. Хромопластар 
көбінесе жасыл хлоропластан, кейде реңсіз лейкопластардан не 
хондриосомадан (пішіні таяқша, түйіршік, жіп тәрізді екі мембранадан 
түзілген 
жасушаішілік 
тұрақты 
органоид) 
түзілуі 
мүмкін. 
Хромопластар айқас тозаңданатын өсімдіктердің жәндіктер арқылы 
тозаңдануын, жемістерінің құс арқылы таралуын жеңілдетеді.
Хлоропластарға 
қарағанда 
хромопластардың 
біршама 
қарапайым, ламеллярлық құрамы болмайды да, химиялық біршама 
өзгереді: пигменттері ̶ 20-50%, липидтері ̶ 50%, ақуыздары ̶ 20% 
шамасында, РНҚ ̶ 2-3%-дай. Демек, бұл хромопластардың 
физиологиялық белсенділігінің нашарлығын көрсетеді.


25 
Лейкопластардың (гр. 
leukos ̶ ақ,
plastos — сомдалған
) түсі 
болмайды, пластидтердің ең ұсағы. Кәдімгі жасушаларда лейкопластар 
ядроның айналасына топталады. Бұларда ішкі мембраналық жүйе 
нашар дамиды. Лейкопластың физиологиялық мәні ̶ крахмал, май мен 
ақуыздарды синтездеуінде. Сондықтан синтезделген өнімінің 
табиғатына орай лейкопластар үшке амилопластар (крахмал), 
олеопластар (майлар), протеопластар (ақуыз) болып бөлінеді.
Лейкопластар пішіні мен құрамы өзара ұқсас пластидтерден 
пайда болады, олардан айырмашылығы тек мөлшерінде. Хромопластар 
көбінесе жасыл хлоропластан, кейде реңсіз лейкопластардан не 
хондриосомадан (пішіні таяқша, түйіршік, жіп тәрізді екі мембранадан 
түзілген жасушаішілік тұрақты органоид) түзілуі мүмкін. Міне, 
сондықтан да пластидтер өзара генетикалық тығыз байланыста, шығу 
тегі бір. 
Өсімдік жасушаларында тікелей зат айналымға кірмейтін, 
әртүрлі қоректік және қалдықты заттар жинақталады да, оны 
эргастикалық заттар деп атайды. Тірі материяның құрамына кіріп, 
жасушаның зат алмасу процесіне қатысатын заттарды конституциялық 
(түзуші немесе құрылыстық), уақытша зат алмасудан ығысқандарын ̶
қор, ал жасушаның соңғы өнімдерін қалдықты заттар деп атайды.
Қорға жиналатын заттарға ақуыздар, майлар және көмірсулар 
жатады. Көмірсулар ̶ басқалармен салыстырғанда алуан түрлі болады 
және қорға жиналады. Көмірсулардың молекуласы көміртегі, сутегі 
және оттегінен тұрады. Көмірсулар қарапайым көмірсулар мен күрделі 
көмірсуларға бөлінеді. Қарапайым көмірсуларға ̶ моносахаридтер 
(глюкоза, фруктоза), дисахаридтер (мальтоза, сахароза), күрделілеріне 
̶ полисахаридтер (крахмал, клетчатка, инулин) жатады.
Майлар ̶ өсімдіктерде кең тараған қор заты. Ол суда ерімейді, 
эфирде, бензинде, бензолда, хлорофилде ериді.
Ақуыздар молекуласы амин қышқылдарынан тұрады. Қазіргі 
кезде белгілі болған 150 амин қышқылының ақуыздарының құрамына 
22 амин қышқылы енеді. Ақуыз молекуласында амин қышқылдарының 
алмасуынан ақуыздар алуан түрлі болып қалыптасады.
Тапсырмалар 
1.
Традесканцияның, элодея өсімдігінің жапырақтарының өңінен 
уақытша препарат дайындап, жасушаларына, лейкопластар мен 
хлоропластардың 
ораналасуына, 
реңіне 
бақылау 
жүргізу. 
Лейкопластар мен хлоропластарға табиғи рең беріп суреттерін салу. 
2.
Картоп түйнегінен ұстараның ұшымен кішкене қырынды алып, 
уақытша препарат дайындап, препараттан микроскоптың кіші 
объектімен қарап крахмал дәндерін көру. Содан кейін үлкен 


26 
объективпен крахмалдың жай, жартылай күрделі, күрделі дәндерін 
тауып, суреттерін салу. 
3.
Препаратқа йод ерітіндісін тамызып, крахмал дәндерінің қандай 
түске боялғанын бақылау. 
4.
Спиртте ылғалданған бидай, сұлы, асбұршақ дәнінің 
эндоспермдерінен ұстараның немесе иненің ұшымен үгінді алып, 
препарат дайындап, алейрон дәндерін тауып суретін салу.
5.
Күнбағыс тұқымының майын қағазға түсіру. Ол үшін 
күнбағыстың дәнін алып, ақ қағаз арасына салып қысу керек. Сонда 
қағазда май дағы қалады. 
Қайталау сұрақтары 
1.
Пластидтер өсімдіктердің қандай мүшелерінде кездеседі? 
2.
Пластидтердің қандай түрлері бар? 
3.
Хромопластарды өсімдіктердің қандай мүшелерінен кездестіруге 
болады? 
4.
Хлоропласта қандай пигменттер кездеседі? 
5.
Сары түс қандай пластидке тән? Оның түсі неге байланысты 
болады? 
6.
Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластарды қандай 
топтарға бөлуге болады? 
2.3 Ұлпалар және олардың жіктелуі 
Өсімдіктердің жер шарының барлық табиғат зоналарында 
таралуы, олардың флоралық құрамының алуан түрлілігі ̶ эволюциялық 
дамудың нәтижесі. Тарихи даму барысында өсімдіктер қарапайым 
жасушаланбаған түрден, «ядросыз», бір жасушалы эукариотты 
формадан құрылысы күрделі организмдерге айналды. Өсімдіктердің 
сулы ортадан құрлыққа бейімделуі олардың вегетативтік денесінің 
қарқынды жіктеліп, ең алдымен біркелкі жасушалар қабатынан 
тұратын талломдық құрылысқа, одан бірден тамыр, сабақ, жапырақ 
сияқты негізгі мүшелерге ие болуымен жалғасады. Жоғары сатыдағы 
өсімдіктердің денесінің құрылымы әр түрлі жасушалардың 
жиынтығынан тұрады. Ұлпалардың белгілі бір типін қалыптастыратын 
жасушаларға мынадай ерекшеліктер тән: морфологиялық біркелкілік, 
яғни құрылыстарының өте ұқсас болуы, атқаратын қызметтерінің 
(функциясының) ұқсастығы, шығу тегінің ортақтығы. Мысалы, бидай 
немесе қарамық өсімдігі тұқымының ұрық бөлігін алып талдайық. Кез 
келген өсімдіктер тұқымының ұрығы сияқты ол да ұрық тамыршасы, 
ұрық сабақшасы және бүршіктен тұрады. Ұрықтың осы аталған 
бөліктерін түзетін жасушаларға тән ерекшеліктер: 


27 
1) құрылыстарының біркелкілігі, яғни бұлар ірі ядролы изодиаметрлі 
жасушалар;
2) атқаратын қызметтерінің бірдей болуы, түзушілік, жасаушылық 
(меристемалық);
3) ұрықтың барлық бөлімдерінің шығу тегінің ортақ болуы, яғни олар 
бір жасуша ̶ зиготадан пайда болады. Өсімдіктер әлемінің 
эволюциялық даму процесінде құрылымы жағынан күрделі ұлпалар 
гүлді өсімдіктерде қалыптасты. 
Ұлпа ̶ (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет