42
8-сурет. Үрмебұршақтың тұқымы (А) мен бидайдың дәнінің (Б) өсуі:
1
кіндік тамыр; 2
жанама тамыр; 3
қосалқы тамыр;
4
гипокотиль; 5
эпикотиль; 6
тұқым жарнағы; 7
алғашқы
жапырақ; 8
бүршік; 9
колеоптиль.
Қоректік заттардың мұндай жолмен ұрыққа өтуінен оның барлық
бөлімдерінің жасушалары бөлініп, сандары артады, көлемдері ұлғаяды,
сөйтіп тұқымның қабығы жарылады. Микропиле саңылауы арқылы
алдымен ұрық тамыршасы бой көрсетеді. Ұрық тамыршасы топыраққа
бекініп, су және онда еріген минералдық заттарды қабылдай бастайды.
Қос жарнақтылардың басым көпшілігінде, мысалы, үрмебұршақтың
өскінінде ұрық тамыршасынан бұтақтанбаған кіндік тамыр өсіп
шығады. Өсімдіктердің басым көпшілігінде ұрық сабақшамы
(гипокотиль) доға тәрізді иіледі. Доғаның ұшы біртіндеп жазылып,
жоғары қарай көтеріледі. Жер бетіне шыққан гипокотиль толығынан
жазылып тік бағыт түзеді. Сабақ ұзарып өсіп, алғашқы нағыз жасыл
жапырақтар пайда болады. Тұқым жарнақтары жасыл реңге ие болып,
органикалық заттарды ассимиляциялауға (фотосинтезге) қатысады.
Сөйтіп, өскін автотрофты қоректене бастайды. Бұл жер бетіндегі өсу
деп аталады.
Автотрофтар (гр.
Достарыңызбен бөлісу: