Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

autos 

қорек, trophe 

қорек, қоректену
тамақтану


бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, 
судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе 
хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет 
күрделі органикалық заттарды (ақуыздарды, майларды, көмірсуларды) 
түзетін ағзалар.


43 
Сабақтың тұқым жарнақтарынан тамыр мойнына дейінгі аралығы 
тұқым жарнағының астыңғы қылтасы немесе гипокотиль деп, ал 
сабақтың тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтары 
арасындағы аралығы тұқым жарнағының үстіңгі қылтасы немесе 
эпикотиль деп аталады. Гипокотиль қос жарнақтылардың барлығында 
бірдей жақсы дамымайды. Мысалы, асбұршақта, еменде, астық 
тұқымдастарда т.б. гипокотиль өте қысқа. Сондықтан бұлардың тұқым 
жарнақтары жер бетіне шықпай, топырақ қабаттарында шіріп кетеді. 
Бұл жер астындағы өсу деп аталады. Олардың өскіндегі тұқым жарнағы 
тұқыммен топырақта қалады да, топырақты жарып, жер бетіне бүршікті 
зақымданудан сақтайтын колеоптиль шығады. Бұдан кейін тұқым 
жарнағының түрін өзгерткен бөлігі болып табылатын алғашқы нағыз 
жапырақ колеоптильді жарып шығып, жоғары көтеріледі. 
Сонымен, өскін дегеніміз 

барлық вегетативтік мүшелері 
қалыптасқан, көлемі жағынан кіші, жоғары сатыдағы тұқымды 
өсімдіктердің белгілі бір жүйелік бөлігінің жас данасы (особь). 
Тапсырмалар 
1.
Бидай, арпа, сұлы, яғни дара жарнақты өсімдіктердің 
тұқымдарының сыртқы құрылысымен танысу. Ол үшін лупаны 
қолдану. 
2.
Бидай дәнінің ұзынынан кесіндісінің дайын препаратынан жеміс 
серігін, тұқымының қабығын, ұрықтың бөлімдерін табу. 
3.
Бұршақ, үрмебұршақ, яғни қос жарнақтылардың тұқымдарының 
құрылысындағы ерекшеліктерін анықтау. 
4.
Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің тұқымдарының 
құрылысының және өскіндерінің суреттерін салып, тиісті белгілермен 
белгілеу. 
Қайталау сұрақтары 
1.
Тұқым деп нені айтамыз? 
2.
Жетілген тұқым қандай бөліктерден тұрады? 
3.
Тұқым құрылысына қарай қандай топтарға бөлінеді? 
4.
Дара жарнақтылар мен қос жарнақтылардың өскіндерінің қандай 
айырмашылықтары бар? 
5.
Колеоптиль деген не? 
6.
Жер астындағы өсу деп нені айтамыз? 
Бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары 


44 
1.
Өсімдіктің көбею қызметін атқаратын мүшесі 
А) тұқым 
Б) сабақ 
В) тұқым жарнағы 
Г) жапырақ 
Д) барлық жауап дұрыс
2.
Тұқым өнуі үшін қажет жағдайлар 
А) су, жылу, ауа 
Б) жарық, жел, ауа 
В) су, жарық, ылғал 
Г) ылғал топырақ, жылу 
Д) күн сәулесі, ылғал ауа 
3.
Ұрықтанған жыныс жасушаларынан пайда болатын эндоспермсіз 
тұқымның негізгі бөлімі 
А) гипокотиль 
Б) нуцеллус 
В) зигота 
Г) тұқым жарнағы 
Д) эпикотиль 
4.
Тұқым жарнағының үстіңгі қылтасы 
А) гипокотиль 
Б) эпикотиль 
В) қосалқы тамыр 
Г) тұқым бүршігі 
Д) нуцеллус 
5.
Өскін дегеніміз 
А) ұрықтанған жұмыртқа жасушасы 
Б) өсімдіктің жыныссыз көбеюін қамтамасыз ететін мүшесі 
В) жоғары сатыдағы өсімдіктің белгілі бір жүйелік бөлігінің данасы 
Г) өсімдіктің көбеюіне және таралуына арналған мүшесі 
Д) өсімдіктің көбеюге қатысатын бөлігі 
6.
Қос жарнақты өсімдіктер 
А) бидай, пияз 
Б) арпа, картоп 
В) сұлы, пальма 
Г) үрмебұршақ, қияр 
Д) күріш, мақта 
7. Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу 
процесі 
А) хемосинтез 
Б) фотосинтез 
В) транспирация 
Г) эпидермис 


45 
Д) трансляция 
8. Өсімдіктің жеке дамуы 
А) ұрықтану 
Б) органогенез 
В) филогенез 
Г) онтогенез 
Д) зигота 
9. Эндоспермді тұқым қай өсімдіктерге тән 
А) үрмебұршақ, лобия 
Б) бидай, арпа 
В) картоп, қияр 
Г) қарбыз, қияр 
Д) сүттіген, құлқайыр
10. Автотрофты ағзалар 
А) бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзетін ағзалар 
Б) дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар 
В) эндоспермсіз тұқымнан түзілген ағзалар 
Г) екі тұқым жарнағынан тұратын ағзалар 
Д) орманда өсетін өсімдіктер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет