Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

endon 

ішінде, derma 

тері
). Эндодерма 
жасушалардың өте тығыз орналасқандығынан және Каспари 
белдеулерінің суды және басқа да заттарды өткізбейтіндігіне 
байланысты заттардың орталық өткізгіш жүйесіне келуі және кетуі 
эндодермалық жасушалардың протопластары арқылы жүреді. Ал 
эндодермалық жасушалар сүректелген жағдайда ксилема сәулесінің 
тұсына орналасқан өткізгіш жасушалар арқылы заттарды өткізу жүреді. 
Бұл көпшілік жағдайда дара жарнақтыларға немесе алғашқы қабығы 
өмірінің соңына дейін сақталатын өсімдіктер тобына тән.
Ашық және жабық тұқымды өсімдіктердің тамырларында 
алғашқы ксилема және флоэманың арасындағы қалған түзуші ұлпа 
прокамбийден шоқтық және перицикл (гр
. perí 

айналасы, kýklos 

 
шеңбер
) жасушаларынан шоқаралық камбий түзіледі де, екеуі қосыла 
келе ксилеманы қоршайды. Камбий ішке қарай ксилема, ал сыртқа 
қарай 
флоэма 
құрылымдарын 
қалыптастырады. 
Флоэманың 
қарсысында болған ксилема камбийді сыртқа қарай ығыстыру 
нәтижесінде бірте-бірте камбий тамырдың көлденең кесіндісінде 
шеңберлі болып орналасады (11-сурет). 


51 
11-сурет. Құртқашаштың (ирис) тамырының алғашқы құрылысы: 


эпиблеманың қалдығы; 2 

экзодерма; 3 

негізгі паренхима; 


эндодерма; 5 

эндодерманың өткізгіш жасушасы;


перицикл; 7 

ксилеманың сәулесі (луч ксилемы);


флоэманың учаскесі (2-5 алғашқы қабық; 6-8 орталық 
цилиндр). 
Тамырдағы ксилема құрамдарының тізбектері сәулелі (радиальды) 
орналасады да, арасы паренхима жасушаларының ұзындығынан 
тізілген тізбегімен толтырылады. Демек, флоэма экзархты (гр. 
exo 

 
сыртқы, arche 

 бастама
), ксилема эндархты (гр. 
endon 

 ішкі, arche 

 
бастама
) тұрақталады. 
Тамырдың анатомиялық соңғы өсуінде орталық шеңбердің 
сыртында перидерма, оның астында перицикл орналасады да, алғашқы 
қабық эндодермамен қоса түгел түсіп қалады. 
Қос жарнақты өсімдіктерде тамырдың алғашқы анатомиялық 
құрылысы әдетте камбий мен феллоген пайда болғанша сақталады. 
Тамырдың камбийден кейін пайда болған бөлімдері тамырдың соңғы 
құрылысына жатады. Тамырдың алғашқы құрылысынан соңғы 


52 
құрылысына ауысуы сору аймағы мен одан жоғары орналасқан өткізу 
аймағының шекарасында камбийдің пайда болуынан басталады. Оның 
пайда болу жолдары мынадай:
1) Жас тамырдың ішкі құрылысындағы сәулелі сосуд-талшық 
шоғының флоэма бөлімінің өзек жағында жатқан паренхималық 
жасушалары ұзынынан тангентальды жолмен бөлінудің нәтижесінде 
одан меристемалық қасиеті бар жасушалар тобы 

камбий пайда 
болады. Мұның жалпы пішіні ойыс болып келеді де, оның осы 
ойыстанған жеріне тақау флоэма бөлімі жатады, ал екі шеті ксилема 
сәулелерімен ұштасады. 
2) Радиальды сосуд-талшық шоғындағы ксилема сәулесі мен флоэма 
бөлімі арасында жатқан паренхималық жасушалар да өздерінше бөліне 
келе түзуші ұлпа 

камбийге, яғни шоқ аралық камбийге айналады. 
Мұның бір шеті шоқ камбийіне, екінші шеті 

ксилема сәулесінің 
ұшына, алғашқы қабыққа тақау орналасады. 
3)
Әрбір сосуд-талшық шоғының ксилема сәулесінің тұсында жатқан 
перицикл жасушалары бөліне келіп соңғы меристеманың бір бөлігін 
жасайды. Бірақ бұлардан өткізгіш шоқтар пайда болмайды, олардан тек 
алғашқы өзек сәулесінің паренхималары түзіледі. 
Сөйтіп, перицикл қабатынан пайда болған соңғы меристемалық 
жасушалар 

шоқ аралық және шоқ камбийінің жасушалары өздерінің 
бүйірлес жатқан шеттерімен тангентальды бағытпен бөліне келіп, бір-
бірімен өзара түйісіп, қосылып кетеді. Олардан орта деңгейі ойыстанып 
біткен (иректенген) шеңберлік камбий пайда болады. Кейін тамыр өсе 
келе иректенген шеңберлік камбий түзеліп, нағыз шеңберге айналады. 
Сөйтіп, шеңберлік камбий тамырдың қабық бөліміне флоэманың (тін) 
элементтерін, ал ішкі өзек жағына қарай ксилеманың (сүрек) 
элементтерін бөліп шығарады. Өткізгіш шоқтары орталық цилиндрде 
коллатеральды орналасады (12-сурет). 


53 
12-сурет. Асқабақ тамырының соңғы құрылысы (көлденең кесіндісі): 


алғашқы ксилема; 2 

флоэма; 3 

соңғы ксилема; 4 

перидерма;


жасымықша; 6 

камбий; 7 

өзек сәулесі 
Соңғы анатомиялық құрылысына ауысарда тамырдың қабық 
бөлімінде де елеулі өзгерістер болады. Тамырдың алғашқы 
қабығындағы перицикл жасушаларының тангентальды жолмен 
бөлінуінен тоз жасаушы феллоген пайда болады. Осы пайда болған 
феллоген тамырдың қабық бөліміне соңғы жабындық ұлпа 

тозды 
бөліп шығарып отырады. Соңғы қабықты түзетін тоз қабаты сабақтағы 
сияқты түлеп түсіп отырады, ал оның жаңадан пайда болғанын қошқыл 
түсіне қарап айырады. Қорыта айтқанда, тамырдың алғашқы 
анатомиялық құрылысының соңғы анатомиялық құрылысынан 
мынадай айырмашылықтары бар: 
1)
соңғы анатомиялық құрылысында тамырдың қабық бөлімінің 
сыртын тоз жауып тұрады, ал алғашқы анатомиялық құрылысында тек 
тамыр түгі ғана болады; 
2)
орталық цилиндр бөлімі соңғысында көп орын алады, ал қабық 
бөлімі оған қарағанда аз орын алып жатады; 
3)
тамырдың соңғы құрылысында өткізгіш шоқтары ашық және олар 
коллатеральды орналасады, өйткені флоэма мен ксилеманың 
ортасында шоқ камбий болады.
Алғашқы 
анатомиялық 
құрылысында 
өткізгіш 
шоқтары 
радиальды орналасады және олар тұйық болады, себебі флоэма мен 
ксилеманың арасында камбий болмайды. 


54 
Тапсырмалар 
1.
Өскен бидай тамырынан препарат жасап, препараттан тамыр 
оймақшасын, бөліну, созылу, сору, өткізу аймақтарын анықтау. Тамыр 
аймақтарының суретін салу, тиісті белгілермен белгілеу. 
2.
Құртқашаш немесе қырлышөп тамырының көлденең кесіндісінен 
уақытша препарат дайындап, тамырдың анатомиялық алғашқы 
құрылысымен танысу.
3.
Асқабақ тамырының өткізу аймағының көлденең кесіндісінен 
уақытша препарат дайындап, тамырдың соңғы анатомиялық 
құрылымын қарау. 
4.
Қаралған препараттардың суретін салып, тамырдың алғашқы және 
соңғы анатомиялық құрылысын салыстыру. 
Қайталау сұрақтары 
1.
Тамыр оймақшасының құрылысы қандай? 
2.
Тамырдың бөліну аймағы қандай қызмет атқарады? 
3.
Тамырдың созылу аймағында алғашқы түзуші ұлпаның қандай 
қабаттары бар және олардың қызметі қандай? 
4.
Тамыр түгі қалай пайда болады және ол қандай қызмет атқарады? 
5.
Ризодерманың атқаратын қызметі қандай? 
4.3
Өркен және бүршік 
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақ және бүршіктер 
орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және 
онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе 
меристемасынан бір мезгілде пайда болады және тұтас бір мүше 

өркенді түзеді. Өркеннің барлық құрамды бөлшектері біртұтас түзуші 
ұлпа шоғынан пайда болады да бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. 
Буыннан шыққан жапырақ пен жоғары өсетін сабақ арасындағы 
«бұрыштық» кеңістікті жапырақ қойнауы деп атайды. Сабақ 
бойындағы буын және буынаралықтар белгілі бір ретпен, өсу 
бағытында қайталанады да өзара ұқсас, құрылымды бөлімдер 

метамерлер (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет