rhachis
қырат
) деп аталады. Оның жекелеген
жапырақтарының рахисте орналасуына қарай қауырсынды және саусақ
салалы күрделі жапырақтар болып бөлінеді. Олардан басқа үш құлақ
күрделі (ырғайда, бүлдіргенде) жапырақтар да кездеседі.
Жетілген жай және күрделі жапырақтың жекелеген тақталарының
сырт пішіні алуан түрлі. Жай жапырақтардың жалпы сырт пішіндеріне
67
қарай тақталары дөңгелек, қандауыр, таспалы, эллипс, жұмыртқа,
жүрек, ромб, жебе, бүйрек және т.б. түрлері болады (16-сурет).
16-сурет. Жай жапырақ пішіндері: 1
ине (қылқан) жапырақ;
2
таспа жапырақ; 3
сопақша жапырақ; 4
қандауыр жапырақ;
5
сопақ жапырақ; 6
дөңгелек жапырақ; 7
жұмыртқа тәрізді
жапырақ; 8
теріс жұмыртқа тәрізді жапырақ; 9
ромб тәрізді
жапырақ; 10
қалақ жапырақ; 11- жүрек тәрізді жапырақ; 12
бүйрек
тәрізді жапырақ; 13
стрелка тәрізді жапырақ; 14
жебе тәрізді
жапырақ; 15
қалқан тәрізді жапырақ.
Күрделі жапырақтар рахисте жапырақшаларының орналасуына
қарай үш құлақ, саусақ салалы, қауырсын күрделі жапырақтар болып
жүйеленеді. Қауырсын күрделі жапырақтың өзі тақ қауырсын, жұп
қауырсын күрделі деп, одан әрі күрделілену нәтижесінде екі рет жұп
тақ қауырсынды, үш рет жұп тақ қауырсынды күрделі жапырақтар деп
жіктеледі.
Үш құлақты күрделі жапырақта рахиске үш жапырағы ғана
орналасады. Мұндай күрделі жапырақ беде, жоңышқа, қытай бұршағы
және т.б. өсімдіктерге тән. Саусақ салалы күрделі жапырақтағы
жапырақшалардың саны үштен артық. Олар шоғырлана орналасқан
мысалы, атталшын, кенепшөп, қазтабан жапырақтары. Қауырсын
күрделі жапырақта рахиске жапырақшалар құс қауырсынының пәріне
ұқсап орналасады. Рахистің ұшы бір жапырақшамен аяқталса тақ
68
қауырсынды (шетен, ақ акация және т.б.), екі жапырақшамен аяқталса
жұп қауырсынды (асбұршақ, чина) күрделі жапырақ болады (17-сурет).
17-сурет. Күрделі жапырақтар: 1
үшқұлақ күрделі; 2
саусақ салалы
күрделі; 3, 4
жұп қауырсын күрделі; 5
тақ тауырсын күрделі;
6
үзік қауырсын күрделі; 7
екі рет жұп тақ қауырсынды; 8
үш рет
жұп тақ қауырсынды
Жапырақ тақтасындағы өткізгіш шоқтардың орналасу тәртібін
жүйкелену дейді. Жүйке жапырақ тақтасының астыңғы бетінен анық
көрінеді және ол өзі өткізгіш шоқтардан тұратындықтан жапыраққа
суда еріген минералдық заттарды жеткізіп, жапырақтан органикалық
заттарды төмен қарай өсімдіктің мүшелеріне, сабағына, тамырына
таратады. Жапырақ тақтасына мықтылық қасиет беріп, жыртылудан
сақтайды.
Жапырақ тақтасының ортасы арқылы өтетін білеуленген қуатты
негізгі жүйке оның сағағынан сабаққа өтеді. Негізгі жүйкеден шетке
қарай қашықтаған сайын жүйкелер тармағы жіңішкере береді.
Жапырақ тақтасының жүйкеленуі әр түрлі болады. Олар қарапайым,
дихотомиялы, торлы, доға тәрізді және параллель жүйкелену.
Қарапайым жүйкеленуде жапырақтың негізінен ұшына дейін
созылған бір ғана жүйке өтеді. Жай жүйкелену жоғары сатыдағы
споралы өсімдіктер: мүктерге, плаундарға және ашық тұқымдылардың
69
(қылқан жапырақтылар), сол сияқты жабық тұқымдылардың кейбір
өкілдеріне тән.
Дихотомиялы жүйкеленуде жапырақ тақтасында аша тәрізді
(дихотомды) бұтақтанған жүйкелер орналасады.
Торлы жүйкелену саусақ салалы торлы және қауырсын торлы
болып екіге бөлінеді. Саусақ салалы торлы жүйкелену саусақ салалы
тілімделген жапырақ тақталарына тән. Қауырсын торлы жүйкеленуде
сағақтан жапырақ тақтасына бірінші реттік бір жүйке өтеді де, ол
бүйірлік жүйкелердің бұтақтарынан тұратын жиі тор түзеді.
Қауырсын жүйкелену жабық тұқымдылардың қос жарнақтылар
өкілдерінде көп кездеседі, дара жарнақтылардан тек қана банан (Musa)
мен қарғакөз (Paris quadrifolia) жапырағына тән (18-сурет).
18-сурет. Жапырақ тақталарының жүйкеленуі:
1
параллель; 2
доға; 3
негізгі жүйкелері салалы орналасқан
торлы жүйкелену; 4
негізгі жүйкелері қауырсынды орналасқан
торлы жүйкелену; 5
дихотомиялы
Доға тәрізді жүйкеленуде жапырақ негізінен жапырақ тақтасына
доға тәрізді иілген, бұтақтанбаған бірнеше жүйкелері бағытталып,
жапырақ ұшында олар қайтадан бір-бірімен қосылады. Мысалы,
меруертгүл, жолжелкен және т.б. өсімдіктердің жапырақтары осындай.
Жапырақтың негізінен немесе қынабынан басталған бірнеше
бұтақтанбаған бірдей жүйкелер бір-біріне параллель күйінде тақтаның
ұш жағында түйіседі. Мұны параллель жүйкелену дейді. Бұлайша
жүйкелену әсіресе дара жарнақтылардың өкілдеріне тән.
70
Өсімдік жапырақтары сабағына белгілі бір тәртіппен орналасады.
Мұнда негізінен бұрын өсіп шыққан жапырақтарды соңғылары
көлеңкелемейтіндей ретпен орналасады. Жоғары сатыдағы өсімдік
жапырақтары сабағына үш түрлі тәртіппен кезектесіп қарама-қарсы
және шоқтанып орналасады.
Тапсырмалар
1.
Бөлме өсімдіктерінен сағақты, сағақсыз, қондырмалы, қынапты
жапырақ түрлерін анықтау.
2.
Кеппешөптерден, бөлме өсімдігінен жапырақтың жүйкесін
ажыратып, суретін салу.
3.
Кеппешөптерден күрделі жапырақтың түрлерін анықтап, суретін
салу.
Қайталау сұрақтары
1.
Жапырақтың атқаратын қызметі не?
2.
Жапырақтың негізгі бөліктеріне не жатады?
3.
Рахис деп нені айтамыз?
4.
Жүйкелену деген не? Оның қандай түрлері бар?
5.
Жапырақ тақтасының санына қарай жапырақтар қандай түрлерге
бөлінеді?
4.7
Жапырақтың анатомиялық құрылысы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық
құрылысы негізгі 3 бөліктен тұрады. Олар:
1) жапырақ тақтасын үстіңгі және астыңғы бет жағынан жауып тұратын
жабындық ұлпа
эпидерма;
2) ассимиляциялаушы қоректік ұлпадан тұратын негізгі бөлігі
мезофилл;
3) мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар.
Жапырақтың
анатомиялық
құрылысында
жапырақ
формацияларына, өсімдіктердің жүйелік топтарына және өсіп тұрған
орта жағдайларының әсеріне байланысты азды-көпті өзгерістер
болады.
Жапырақ тақтасын сырт жағынан жабындық ұлпа
эпидерма
жауып тұрады. Эпидерма жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз тіркесіп
бір қатар, екі қатар, сирек жағдайда көп қатар түзіп орналасады (19-
сурет).
71
19-сурет. Қос жарнақтылар жапырағының жартылай схемалық
көлемдік көрінісі: 1
үстіңгі эпидерма; 2
астыңғы эпидерма:
3
бағаналы паренхима; 4
борпылдақ паренхима; 5
ксилема;
6
флоэма; 7
склеренхима; 8
колленхима; 9
шоқты қоршаған
жасушалар; 10
устьице; 11
безді түк; 12
жабындық түктер.
Эпидерманың негізгі қызметі
жапырақтың ішкі жұмсақ бөлігін
кебуден, механикалық зақымданудан және микроорганизмдердің
енуінен сақтау. Эпидерма жасушаларының сыртқы қабырғасын,
әсіресе үстіңгі бетін кутикула және балауыз дақ жауып тұрады. Бұл
қабаттар эпидерманың қорғаныштық қызметін арттыра түседі.
Дорсовентральды жапырақтардың үстіңгі бетінің эпидерма
жасушалары астыңғы бетінен гөрі ірі, түзу төрт бұрышты болады.
Жапырақ тақтасы көлбеу бағытта ұсталып, үстіңгі бетімен жарыққа
бағытталған жағдайда устьице негізінен астыңғы бетінде орналасады.
Жапырақ тік бағытта өсіп, жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда
қалқып жүретін су өсімдіктерінде устьице жапырақ тақтасының тек
үстіңгі бетінде кездеседі.
Мезофилл морфологиялық құрылысы, атқаратын қызметі жағынан
бір-бірінен азды-көпті айырмасы бар екі түрлі бағаналы және
борпылдақ ұлпадан тұрады. Жасуша құрамындағы хлоропластарға
байланысты бұл бөлімнің реңі жасыл болатындықтан ол мезофилл
хлоренхима (гр.
Достарыңызбен бөлісу: |