М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Аққуыздардың ыдыруы, ферменттері. Аминқышқылдардың ыдырауының жалпы жолдары: декарбоксилдену, переаминдеу, тотыға дезаминдеу реакциялары. Аммиактың залалсыздандыру жолдары. Аминқышқылдардың биосинтезі



бет47/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#91913
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75
Байланысты:
М. темісов атында ы Батыс аза стан

Аққуыздардың ыдыруы, ферменттері. Аминқышқылдардың ыдырауының жалпы жолдары: декарбоксилдену, переаминдеу, тотыға дезаминдеу реакциялары. Аммиактың залалсыздандыру жолдары. Аминқышқылдардың биосинтезі.


Сіңірілген белоктардың өнімі қақпа көктамыры арқылы бауырға түседі. Амин қышқылдары бауыр көктамырынан үлкен қанайналым шеңберіне өтіп органдар, тканьдер және клеткаларға таратылады, біраз бөлігі лимфа жүйесіне түседі.
Амин қышқылдарының көп мөлшері белоктарды, кейінгі біраз бөлігі – гормондардың, ферменттер және басқа биологиялық активті заттарды синтездеуге, ал қалған бөлігі аминсізденіп қайтадан аминденіп энергетикалық шикізат ретінде және липидтердің, көмурсулардың, н. қышқылдарының биологиялық түзілуіне материал болып пайдаланылады.


Амин қышқылдарын түзілу және жұмсалу жолдарын көрсететін кесте
Тамақ белоктары Ткань белоктары Алмасуға жататын амин
↓ ↓ ↓ қышқылдарының биосинтезі

Белок биосинтезі Тотығып дезаминдеу
Амин қышқылдары
↓ ↓ ↓
Гормондар Трансаминдеу Декарбоксилдену Кетоқышқылдар
↓ ↓ ↓
А.қ. дезаминделуі Биогендік аминдер Тотығу өнімдері
Адам организміндегі амин қышқылдарының негізгі көзі – аққуыз. Ас қорыту жолдарында аққуыздардың, ферменттердің қатысуымен жүретін гидролиз нәтижесінде түзілген амин қышқылдары қанға сіңіріледі. Кейбір амин қышқылдары тканьдік протеолиттік ферменттер – катепсиндердің әсерінен тканьдік белоктардың протеолизі есебінен түзіледі. Катепсиндер тобына жататын ферменттер өздерінің әсер ету механизмі жағынан, пепсинге, трипсинге, аминопептидаза және карбоксипептидаза ферменттеріне жақын. Катепсиндер рН 4-5-ке тең болғанда өзінің ең жоғарғы активтілігін көрсетеді. Катепсиндер лизосомада орналасады. Сонымен қатар, катепсиндер фагоцитоз процесіне, яғни бөтен клеткаларды, микроорганизмдерді ерітіп, жойып жіберуге қатысады.
Организмдегі амин қышқылдарының 25%-ті тотығу реакцияларына қатысады, ал олардың орны экзогендік белоктар, яғни тамақпен түскен белоктармен толтырылып отырады: ал қалғандары эндогендік амин қышқылдармен, яғни тканьдік амин қышқылдарымен толтырылып отырады.
Амин қышқылдарының катаболизмінің бірінші реакциясы амин-тобының бөлінуі. Амин-тобының бөлінуі 2 ферменттік реакцияларының көмегімен жүреді:

  • трансаминделу;

  • тотығып дезаминделу

Трансаминделу реакциясына трансаминаза немесе аминотрансфераза деп аталатын ферменттер қатысады. Бұл ферменттері митохондрийде және цитоплазмада болады. Трансаминаза ферменті белокпен коферменттен тұратын күрделі ферменттердің қатарына жатады. Олардың коферментінің ролін пиридоксальфосфат атқарады (В6 витаминінің фосфорилденген түрі). В6 витамині үш түрлі зат күйінде кездеседі: пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин.
Трансаминаза ферменттерінің құрамына пиридоксальдың фосфорилденген түрі кіреді.
Трансаминделу реакциялары организмде алмасуға жататын амин қышқылдарының синтезіне мүмкіндік беріп, белоктардың алмасуы процестерінде үлкен орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет