Дәріс 20 Тақырып: Матрицалық биосинтездер. Репликация
Дәрістің мақсаты: репликация процесінің негізімен таныстыру
Тірек сөздер: репликация, ДНК-полимераза, ДНК-лигаза, хеликаза
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны Репликация процесі. ДНҚ синтезіне қатысатын ферменттер. ДНҚ-ның репарациясы ДНҚ синтезіне қатысатын ферменттер:
1/ ДНҚ-на тәуелді ДНҚ-полимеразасы /1, 2, 3/
2/ ДНҚ-праймазасы. Тізбекті үзуге көмектеседі, ал ДНҚ-полимераза (3) әрі қарай тізбектің өсуіне мүмкіндік береді
3/ Хеликаза ферменті. Қос тізбектің бірінен-бірінің ажырауын қамтамасыз етеді
4/ ДНҚ лигазасы үзіктерді өзара жалғастырады
5/ 20-ға жуық белоктық факторлар қажет
ДНҚ-ның биосинтезі үш кезеннең тұрады:
1/ Инициация. ДНҚ-на тәуелді ДНҚ-полимеразасы жұмыс істейді, синтездің басы.
ДНҚ-ның екі түрлі қызмет атқаратындығы анықталған:
матрицалық
ұйытқы
ДНҚ-полимеразасы ДНҚ-ның басы болып табылатын тізбектің нуклеотидінің 3′ -ОН- сонына нуклеотидтердің қосылуына мүмкіндік береді, сондықтан синтездің бағыты 5′ → 3′ - сонына қарай бағытталған болады.
2/ Элонгация. Комплементарлы жұптардың репликациясы, жеке фрагменттердің 5′ → 3′ - соны бағытында түзілуі, осы фрагменттердің қатысуымен бірімен-бірінің қосылуы
3/ Терминация. Синтездің аяқталуы. Арқаулық ДНҚ-ның толық жұмсалуына сәйкес полимерлік реакцияның аяқталуы.
ДНҚ-ның репарациясы Көптеген химиялық және физикалық факторлар ДНҚ молекуласын зақымдауы мүмкін, сондықтан клеткаларда оны жөндеудің арнаулы механизмдері бар. ДНҚ-ның көптеген зақым келген жерлерін, оның молекуласындағы генетикалық ақпарат қос спиральдың екі тізбегінде де жазылғандықтан жөндеуге келеді, яғни бір тізбекте жойылған акпаратты, екінші тізбектен жазып алуға болады.
Физика-химиялық әсерінен төмендегідей зақымдар келуі мүмкін: